«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Жайық Пресс - «Мектепке жол» акциясы – ізгіліктің бастауы - официальные  новости ЗКО

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

«Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетінін атап өтейік. Акция барысында Ж.Жабаев атындағы №161 лицей де өз кезегінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетіп, мектеп оқушыларына демеушілік жасады. Акцияға белсене қатысқан мектеп ұжымына және де ата-аналарымызға ризашылығымызды білдіреміз!

Қайырымдылық қорында,

Ізгілік жолында.

Мың алғыс, ағалар!

Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!

Медеу ауданы

Ж.Жабаев атындағы №161 лицей

әлеуметтік педагог

Тілеубекова А.Т.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.