Жаңа ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы

«Жаңа ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы»

 

Бүгінгі күні мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойының толық  даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Ақыл — ойы толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді.

Дамыту ойындарын педагогикалық процесте қолданылуы білім беру әрекетін қайта құруға бағыттайды. Әдеттегі сабақтан, балаларды үлкендермен ұйымдастырылған немесе өзіндік  ойын іс-әрекетіне көшіреді. Дамыту ойындарын қолдануда дидактикалық  оқыту кемиді, керісінше, балалардың қызығушылығы,ойынмен айналысу тілегі артады. Мектеп жасына дейінгі балаларға мекемеде қажетті жағдай жасаудың бір түрі — үлкендермен жағымды эмоционалдық бейнелі қарым-қатынас жасау. Балалар үлкендермен бірлесіп ойын ойнауы, қызықты ойын тапсырмаларын орындау,  ойынға қажетті құралдардың әдемі, ашық безендіріліп жасалуы мектепалды мекемесінде қуанышты көңіл-күй туғызады.

Ереже бойынша, ойын үлкендерді қуанышты көрермен ретінде ғана қалдырмайды, сонымен бірге өзінің шығармашылық  ынта-жігерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Балалардың интеллектуалдық  дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал.

Мысалы олар:

  1. Логикалық тізбек ойындары.

Ересек топтарына арналған:

«Керекті фигураны тап», «Сылдырмақтар», «Көпбұрыш және дөңгелектер», «Қызықты геометрия».

  1. «Лабиринт ойындары».
  2. «Контурлық бейне».
  3. «Графикалық ойындар».

Жаз бойы біздің балабақшаның ауласында ойын мен ертегі жиі өткізіледі. Құмнан қалашықтар құрып, тастардан гүлдер жасайды.

«Жердегі сенсорлық жолдарда» сенсорлық ойындар ойналады.

     «Шебер класс» — балаларды оқытудағы жаңа және кең тараған оқу түрі. Бұл  суырып салма, шығармашылық кәсіби жетістігін жоғарылатуға арналған кеңістік. Біздің балабақшада тәрбиешілер шебер класта интеграциялы – кешенді сабақтарды мынадай тақырыптар бойынша өткізілді: «Табиғат әлемі», «Жаңбыр қалай туады?», т.б.

Бұл шаралардың өткізілу әдіс-тәсілдерін тәрбиеші өз қалауы бойынша дайындайды.

Күннің бірінші жартысында, яғни, таңертең балалардың жеке ойындары ұйымдастырылады, ал екінші жартысында, яғни, түстен кейін желілі ойын орталықтарында  театрлық  іс-әрекет жұмыстары өткізіледі.

Іс-шараға  балабақша ерекше безендіріледі. Бұл балалардың және ата-аналардың көңілдерін көтереді. Бұл күні не болады екен? — деген ата-аналарда сұрақ туады. Сол себепті мұнда сыйлықтар да, жүлдегерлер де болмайды, балалардың барлығы ең күшті және қабілетті болады. Сондықтан, жаңа ойын технологиялары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуының маңызы зор.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *