Әзілхан Нұршайықовтың туылғанына 100 жыл

Ә.Нұршайықов: Шығармаларымда еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты жырладым

Ол — ел басына күн туған сәтте қолына қару алып, оқ пен оттың арасында елі үшін соғысты. Ол — жалынды жырларымен майдангерлердің рухын көтерген жауынгер — жазушы. Ол — қазақ әдебиетіндегі еңбек пен ерлікті, махаббат пен достықты арқау еткен, өміршең туындыларды дүниеге әкелген қалам иесі. Ол — дарынды жазушы Әзілхан Нұршайықов. Биыл Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері атанған ұлы тұлғаға 100 жыл толады. Өзінің сүрелі ғұмырында артына өшпестей із қалдырған жазушы мәңгілік ел жадында сақталады.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Поэзияға қадамын 14 жасында бастаған. Семейдегі педогогикалық училищені бітіріп, алғашқы еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. Кейіннен «Пионер», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде редактор, тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Оның әңгімелері аудандық, облыстық, республикалық газеттерде жарияланып бастағаннан — ақ оқырмандарды өзіне еліктіріп алды. Әсіресе майдан газеттерінде жарық көрген әскери әңгімелері мен почерктері майдангерлерге рух сыйлаған жалынды туындылар еді. Майданда зеңбірек командирі болған жазушы қолынан қаруы мен бірге қаламында тастамаған. Ал жазушының соғыс жылдарынан кейінгі жазған почерктері оқырмандарды елең еткізді. Көркем де қарапайым жазылған дүниелер кейіпкерлердің жан-дүниесіне терең үңілуімен ерекшеленді.

«Әзілхан Нұршайықовтың очерктері жалықтырмайды, қызықтырады, жеңіл оқылады. Мұның себебі көп: тек қана шындықты жазады. Шындықты жай жазбайды, ел өміріндегі келелі мәселелермен байланыстыра жазады. Адам мінезімен атастыра суреттейді. Шырайлы тілмен, ширек стилімен жазады. Өмір шындығын, адам мінезін өзінше тың тәсілімен нұсқалы пішінімен жинақтайды.»

© Зейнолла Қабдолов академик, Қазақстанның халық жазушысы.

Жауынгер — жазушы Әзілхан Нұршайықов еліне қосқан елеулі еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Қазақтың бір туар азаматы, еліне ерен еңбек сіңірген қайраткер.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *