Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Бугибаева Молдир Ондасыновна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Өтілетін күні: 28.03.2022 ж.

Тақырыбы: «.Ұзын-қысқа. ».

Мақсаты: балаларда геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері: балаларға қоршаған ортадан басқа геометриялық фигураларға сәйкес келетін заттарды табуға, салыстыруға үйрету; сезім – қозғалыс түйсігін және көру жады арқылы заттарды зерттеудің тәсілдерін дамыту. Ықыластылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: бір – бірден үлкен және кішкентай тіктөртбұрыштар. Әр балаға жұмыс дәптерлері, қызыл және көк түсті қарындаштар.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалар қызметі
 

 

 

 

 

 

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Аюдың өкірген дауысы жазылған дискіні қояды. Балаларды қызықтырып, олардан:

«Бұл өөкіріп жатқан не?» — деп сұрайды.

 

 

—          Ол осы біздің топтың ішінде өкіріп жатқан сияқты. Кәне, оны іздеп көрейік.

 

—          Балалар, аю бізге геометриялық  фигура – шаршыны ала келіпті.

 

Аю:

—          Балалар, сендер қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?

—          Сендер жаңа геометриялық фигурамен танысқыларың келе ме? Мен сендерге шаршы ала келдім.  Жұмыс дәптерлеріңді ашып, тура осындай фигураның суретін табыңдар.

 

 

Қызығушылық танытады.

 

 

«Аю» деп жауап береді.

 

 

Тәрбиешімен бірге ішінде ойыншық аюы бар қорапты тауып алады.

 

 

 

 

 

 

Шеңбер.

 

 

Иә.

 

 

 

 

 

Дәптерлерін ашып, суретті табады.

 

 

 

Ұйымдастырушылық

ізденістік.

«Шаршыны бастырып сыз» ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 7 – оқу іс әрекеті,

1 тапсырма.

Жаңа геометриялық фигураны – шаршыны қарастыруларын сұрайды.

Сөздік жұмыс: шаршы.

Тәрбиеші балаларға суреттегі шаршыны бағыт сызығын бойлай қолмен басып шығуды тапсырады. Содан кейін нүкте бойынша үлкен шаршыны (тіктөртбұрыш) қызыл қарындашпен, ал кішкентай шаршыны (тіктөртбұрыш) көк қарындашпен бастырып сызып шығу керектігін айтады.

Сұрақтар:

—          Балалар, қай шаршыны қызыл түспен бастырып сыздыңдар?

—          Ал көк қарындашпен қандай шаршыны бастырып сыздыңдар?

—          Сендер басытырып сызған геометриялық фигура қалай аталады.

Жеке жұмыс жүргізеді:

«Жауабын кім табады?» ойыны.

(7 оқу іс – әрекеті, 2 – тапсырма)

Тәрбиеші балаларға екі қыздың суретін көрсетеді.

—          Бқлар апалы – сіңлілі қыздар, олар бір – біріне қатты ұқсайды. Ал олардың бір – біріненайырмашылығын ең зерделі бала ғана таба алады.

—          Олардың бір – бірінен айырмашылығы неде?

 

Сергіту минуты: «Маймақ аю»

Маймақ аю сияқты ақырын маймаңдаймыз, содан кейін өкшелеп жүреміз.

Аяғымыздың ұшымен жүреміз, одан кейін жылдам жүріске ауысып, аяғында жүгіреміз.

«Жол көрсетіп жібер» ойыны.

(7 оқу іс – әрекеті, 3-тапсырма)

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

«Жазда қыдырады,

Қыста апанда жатып,

Тынығады».                     (Аю)

 

Аю жұмбақтың өзі туралы екендігіне қуанады. Суреттен оны көрсетулерін және ол балды жақсы көретінін айтады.

Балаларға сұрақтар қояды.

—          Менің сол жағымда не бар?

—          Ал оң жағымда не тұр?

 

 

Аю балалардан сұрайды:

—          Балы бар бөшкені табу үшін мен қалай ұарай жүруім керек?

Балаларға бұл құйылған бөшкеге апаратын жолды сызып көрсетуді тапсырды.

 

 

 

 

 

 

Қарастырады.

 

 

Қайталайды: шаршы.

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

Үлкен.

Кішкентай.

Шаршы.

 

 

 

 

 

Балалар суретке назар аударады.

Қыздардың біреуінің бұрымы қысқа, ал екіншісінің бұрымы ұзын.

 

 

 

Тәрбиешінің айтқанын орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

 

 

 

 

Аралар.

 

 

 

 

 

Сол жағында ара бар.

Оң жағында бал құйылған бөшке тұр.

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік.

Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін, балға қарай жол салғандары үшін балаларға геометриялық фигура – шаршыны сыйға тартады.

Қоштасып кетеді.

—          Аю балаларға қандай геометриялық фигура сыйлады.

Қуанады.

 

 

 

 

 

 

 

Шаршы.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: геометриялық фигураларды – шаршыны, шеңберді;

Игереді: геометриялық фигураның – тіктөртбұрыштың айырмашылығын.

Меңгереді: қоршаған ортада геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табуды; оң жақта орналасқанды анықтауды.

 

Тәрбиеші: Бугибаева Молдир Ондасыновна

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.