«Құстың ұясы»

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Құстың ұясы»

Мақсаты: Балаларға құстар, құс ұясы туралы түсінік беру. Ой-қиялдарын дамыту, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Құрал — жабдық: Үлгі сурет,желім, мақта, тақтайша суреттер,  таратпа материалдар, бидай

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар,  Луллй шеңбері, мнемотехнология

Шаттық шеңбер:
Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Топқа келген қонақпен.

Сәлеметсіздерме!

1.Мнемотехнология арқылы жыл мезгілі туралы сұрақ қою.

  • Жылдың қай мезгілі?
  • Жерде не жатыр?
  • Балалар не теуіп жүр?
  1. Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?»

Мақсаты: Үй құстары мен дала құстарын тауып салады.

3.Осы ұяға байланыстымынадай ырымдар мен тиымдар бар:

—  Ұяны бұзба

—  құсты атпа

—  жұмыртқаны жарма

  1. Балалар біздер құстың ұясын бәріміз бірге жасаймыз.Үлгі суретті балаларға көрсетіп талдау жүргізу.

—  саусақ қимылдарын жасау

—  саусақпен алу

—  жұмысты аяқтау

Сергіту сәті

Мен қанатымды жазамын

Суға  сүңгіп аламын

Суда жүзіп жүремін

Оң қанатты бір қағып,

Сол қанатты бір қағып,

Мен анамдай боламын.

  1. Құстарды орналастыр
  2. Қорытынды жұмыстарды көрмеге қою.

Сау болыңдар, келесі кездескенше!

Қорытындылау, мақтау, мадақтау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *