МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

 

Абилдаева.К.Ж

Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс.

Адамзат алдында тұрған басты міндеттердің бірі — есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқытып, таныстырудың маңызы зор.сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді.
Балалардың ақыл – ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы — өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым – қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады.

Бала тілді, ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді түсінеді, сонымен қатар, ересектердің кейбір сұрақтарына да жауап бере бастайды. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым- қатынас жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Белгілі психолог А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуын 4 кезеңге бөлген: І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін; ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін; ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 6 жасқа дейін; ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

Баланың алғашқы ұстазы ата анасы, тетелес ағаларымен апайлары, тәрбиеші ұстаздары. Олармен күнбе күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн сайын жетіле береді. Баланың тілі бай болса, ойы да жақсы дамиды. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез үзінділер оқып үйрену, үйренгендерін өз сөздерінде қолдана білу балалардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады

Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі — жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары,тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету.

Мектепке дейінгі кезеңде балалардың көбінде дұрыс емес дыбыстау байқалады. Ысқырық, ызың, үнді дыбыстарды айту кезінде, сирек жұмсарту, қатаңды ұяңға айналдыру, тіл кемістіктерін байқауға болады. 4-тен 5 жасқа дейін бала барлық дыбыстарды меңгеру және олармен дұрыс қолдану қажет. Егер де бала дыбыстарды бұрмаласа, онда оған арнайы көмек керек, яғни арнайы түзету. Дыбыстардың бұрмалануы әр жаста дизонтогенездің белгісі болып келеді. 3 және 7 жас аралығында балада өзінің дыбысталуын есту арқылы бақылау дағдысы, кейбір мүмкін болған жағдайда оны түзету білігі қарқынды дамиды, яғни фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл кезеңде белсенді сөздік қоры 4-6 жасқа қарай 3000-4000 сөзге дейін жетеді.. К.Д.Ушинский еңбектерінде тілді сезінуге ерекше мән берген. Ғалымның зерттеуінен баланың сөздегі екпін орнын, грамматикалық айналымды, сөйлемдегі сөздердің байланысу тәртібін еске түсіреді. Сөздік қордың дамуымен қатар сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы да дамиды.

Мектеп жасына дейінгі балалар тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың пікірлерінше, олардың сөздік қоры мына түрде: екі жастағы балалардың сөздік қоры-500 сөзден астам, үш жастағы балалардың сөздік қоры шамамен-1200 , төрт жастағылардың сөздік қоры-1900 , алты- жеті жастағылардың сөздік қоры 2500-3500 сөз мөлшерінде болады екен.

Ұзақ жылдар арнайы жүргізілген зерттеу нәтижелері балалардың сөз меңгеруі отбасында, балабақшада жүргізілетін тәрбие жұмыстарына, ата аналар мен тәрбиеші педагогтардың бұл аса маңызды мәселеге көңіл бөліп, баланың сөйлеу тілін дамыту, айналадағы өмір құбылысын ұғындыру, олармен сөйлесе отырып, пікірлесе білуге жетелеу, бала қызыққан сұрақтарға дұрыс жауап беріп отыру жұмыстарына байланысты екенін көрсету.

Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға балалардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Ең басты талап баланың бақыты мен тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық даму заңдылықтарын түсіну қажет. 6-7 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты − тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру, сөздерді үйрете отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.  Демек, 5 жастағы бала барлық тіл дыбыстарын толық меңгеріп, тілдік белсенділігі артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Бұл балаларды сөзді дыбыстау мәдениетіне мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, онда бала өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша сөйлеуінің өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді. Баланың үлкендермен тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың алғашқы кезеңінде-ақ үлкендерге мейіріммен жауап беріп, алғашқы дыбыстар шығара бастайды. Тәрбиешінің немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын дамыту, бекіту − өмірлік маңызға ие.. Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсініп, жаман ісінен жиренеді. Санасында жақсы және жаман әрекеттер жөнінде түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіледі. Ал, тілінің дамуы – баланың бойында қабылдау – ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте қалыптасуына негіз болады. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар ауыз әдебиеті нұсқаларынан, классик жазушылардың шығармаларынан, қазақ жазушыларының балаларға арналған шығармаларынан баланың жас ерекшелігіне сәйкес алынуы керек.

Болашақ мектеп оқушысының танымдық белсенділігін дамыту бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Баланы оқуға әзірлеу жолындағы іс-әрекеттер баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей байланысты. Мектеп жасындағы баланы дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен баланың өздігімен әрекеті және танымдық белсенділігі атқарады.5-6 жастағы балаларды мектепте  дайындау балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, ұйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің ғылыми негіздерін практикада қолдануға, практикалық біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуде.

Балабақша педагогі өзін жай ғана тәрбиешімін деп қарамай, жалпы мәдениетін, және кәсіби біліктілігі мен даярлығын жетілдіру қажет. 5-6 жастағы балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы басым болып келеді.

Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады

Тәрбиеші — педагог — мектепалды жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Қaзipri таңда мектеп балалардың танымдық белсенділігін арттыру мәселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар колданудың маңызы зор.

Ойын дегенміз-жас ерекшелікке  қарамайтын, адамның көңіл-күйін  көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздықты, іскерлікті,  көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан, ойынды сөйлеу тілін дамытуда пайдалану — үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын-тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшандыққа, дәлдіке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, сөздік қорының молаюына, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына, тілін дамытуға да пайдасын тигізеді.

Айналадағы әлемді  ойын, еңбек, серуен, оқу іс – әрекеттерінде   педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас  кезінде танып біледі. Осындай  жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет.

Тіл — қоғамдағы адамдардың бір — бірімен пікір алысып, қарым — қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала — бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала — бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі — баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б. Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

  1. Бақраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. — 153 б
  2. Ш.Өсерова. «Сөз өнерін меңгерту-тұлғаның рухани дамуының қазығы». Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика ғылыми-әдістемелік журналы

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.