«Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында дөңгелек үстел

2022 жылдың 14.04 cәуір күні Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Тарих факультеті  1 курс саясаттану факультеті студенттерінің қатысуымен «Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында студенттер ақынның   адам тәрбиесіне және болашақ ұрпақты білім мен ғылымды үйренуге шақыруы туралы айтылған  қара сөздерін жатқа айтып,  талдау жасап, тәрбиелік мәніне ден қойылды.
Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттері бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесінде тәрбиелік мән беретін үлкен ойлар атылған.  Абайдың қара сөздерінде  әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Абайдың қара сөздерін оқыған адам ақынмен сөйлесіп, пікір алмасып  отырғандай сезінеді. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам афоризмдер жинағы бар.

Әрбір халықта адамдардың бір-біріне деген іштарлығы, бір-біріне көралмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші сөзінде осы жайлы қозғаған» әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрама, өзі тойымсыз, тиымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейткенінен  басқа ойының жоқтығынан өзге егін, сауда, өнер, ғылыми сияқты нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әр адам малым көп болса екен, өзімдікі болса дейді осының бәрі адамның көзі тоймаушылдығы. Үлкен болыстыққа таласып бір-бірінен асып түсем дейді. Малдары көбейсе билікке таласады. Елдегі жақсы адамдарды көре алмай үстеріне арыз беретіндерде аз емес. Билікке жетем деп іші тар болған адамдар өтірік болыс , билерге, жағымсыз, олардың айтқанын істеп жүреді де, күндердің күнінде өзі болыс болып шыға келеді. Билік құру әр адамның қолынан келе бермейтіндігі жайында айтылған.

Бүгінгі іс — шара барысында студенттер Ұлы Абайдың бірнеше қара сөздерінің  жатқа айтып, оның мәніне талдау жасады. Іс — шараның басты мақсаты: Абай Құнанбаевтың қара сөздерінде айтылған тәрбие, білім, ғылым және адами қалыптасу жолдарына  түсінік беру арқылы студенттер бойында ұлтжандылық қалыптастыру. Білім-ғылым жайында жазылған қара сөздері арқылы студенттерге мотивация беру.

Ұйымдастырушы: т.ғ.к., доцент  Г.Қозғамбаева

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.