Мың алғыс саған, ақ халатты абзал жан!

 Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары екендігі айтпасақ та белгілі. Әсіресе қоғамда болып жатқан аты жаман індетпен күресуде дәрігерлердің қоғамдағы рөлі одан сайын айқындалып,еңбегі жоғары бағаланып жатқандай.

 Қазіргі заманның батырлары деп дәрігерлерді айтуымыз керек деп білемін. Ежелгі жаугершілік заманда батырларымыз жаудан елін, жерін, халқын күн демей, түн демей қалай қорғаса, дәл солай қазіргі таңда дәрігерлер адамдардың өмір сүруі үшін індетке қарсы тұруда. Тіпті індетпен күресу жолында өзіңе де қауіп төнетінің білсе де , отбасынан жырақ жүрсе де адамдарға өмір сыйлаудан еш жалықпаған. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап, өзі қайтыс болған ақ халатты абзал жандар өте көп.Әсіресе пандемия басталғалы көптеген ақ халатты абзал жандарымыздан айырылып жатырмыз. Ерлікпен қаза тапқан  ақ халатты абзал жандар ел есіңде мәңгі қалатынына сенімдімін. Дәрігерлердің бұл ерлігін Баянғали Әлімжанов ағамыз:

                              Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын,

                              Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын.

                              Дәрігерді жаратқан ғой тәңірім,

                              Адамдарға рахымы мол болғасын.

                              Айнымаған адал ант пен сертінен,

                              Адам үшін еңбек еткен еркімен.

                              Дәрігерге құтқар дейміз бір сәтте,

                             Жылдар бойы жиған өмір дертінен,-деп өз өлең жолдары ақылы  дәрігерлердің адамдардың сақшысы, құтқарушысы, жаңа өмір сыйлаушысы екендігін ерекше жеткізді.

 Дәрігерлердің бұл ерлігіне тамсаңған әрбір адам дәрігер болуды және адамдарға жаңа өмір сыйлауды армандайтын шығар. Алайда «ақ халатты абзал жан» деген қастерлі атаққа бәрінің қолы жете бермейді. Себебі ақ халатты абзал жан атану сөз жүзіндегі білімділікті ғана емес, жүректегі батылдық пен төзімділікті қажет етеді.Дәл осы кезде дәрігерлік ілімнің атасы саналатын Гиппократтың: «Дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген ұлағатты сөзі бірден еске түседі. Дәрігер болу үлекен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі  дертіне шипа іздеп келген әр адам өзің дәрігердің емдеп шығатынына сеңеді және дәрігерге өмірін сеніп тапсырады.Ал бір адамның өмірін өз мойнына алу- оңай іс емес.

 Дәрігер мамандығының өзіне тән бірқатар қиыншылықтары болғанымен, қуанышты сәттері одан да көп.  Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында ауруынан айыққан жандар өз алғысын айтып,жылы лебізін білдіреді. Ал ем алушылардан жылы лебіз есту — үлкен мәртебе. Бұл дәрігердің еңбегінің ақталғаны және еңбегінің жемісін көргені.Сондықтан әрдайым дәрігерлерге алғысымызды бірдіріп жүрген жөн. Себебі  әлемдегі барлық ақ халатты абзал жандар алғысқа лайық. Мың алғыс саған,абзал жан!

 

                                                                                                       

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *