Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

11 жасар тележүргізуші қыз

Bilimger Media
2 мин оқу 22 оқылым

Журналистика- ізденісті талап ететін, қайсарлық мінез керек мамандық. Сұраныс жоғары, бірақ екінің бірі жете алмайтын мамандық көзі. Тіліннің таза, сауатты, сөзі салмақты журналисттің жұмысы мен еңбегі қашан да жоғары бағаланады. Ал бұл салаға түсетін жастардың көбі тележүргізуші болуды таңдайды екен. Себебі, олар танымал адамдардан сұхбат алып, халыққа қоғамда болып жатқан жаңалықтарды жеткізуді армандайды. Олардың қатарында өзім де бармын. Сол себепті өзімнің 5 жыл бұрынғы тележүргізуші болған тәжірибеммен бөлісе кетейін.

Мен 2018 жылы Mangystau.tv арнасында «Балдырған» атты бағдарламаны үзбей көретінмін. Ол жердегі тележүргізушілер көрермендерге белгілі бір ертегіні жасырған еді. Мен ол бағдарламаны қызығып қарап отырып, жасырған ертегінің дұрыс жауабын айтқан болатынмын. Кейін, менің жауабым дұрыс болып, олар мені өз бағдарламасына қонаққа шақырды. Сөйтіп, келесі күні Ақтау қаласының сағатымен түскі 12:00-де тікелей эфирде өз сұхбатымды берген едім. Сонымен қатар, жүргізушілермен әңгімеміз жарасқаны соншалықты, маған олар бағдарламаны бірге жүргізуге ұсыныс тастаған болатын. Мен қуана-қуана ұсыныстарын қабылдадым. Солай шілденің 3-і күні, Аделия өзінің тележүргізуші ретіндегі ең алғаш жобасын бастаған еді. Шынайы камера, суфлер, грим, микрофон, студия және теледидардан көріп жүрген тележүргізушілер тура жанымда болды. Өте қызық сезім екен. Тікелей эфир ойдағыдай өтуі үшін, студиядағы әрбір адамның тыңбай еңбек еткенін өз көзіммен көрген болатынмын. Бір түсінгенім, жауапкершілігі мол жұмыс екен. Біріншіден, сөзіңді қайталап, өзіңді тексеруің қажет. Одан соң, камераға бойыңды үйретуді де ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар, техникалық ақаусыз эфир өте сирек кездеседі. Егер де техникалық ақаулар болған жағдай да тығырықтан шығар жолды сценарийден бөлек өзің ойлап табуың тиіс. Яғни, телекөрермендерге ештеңе білдіртпей, әрі қарай емін-еркін жобаңды жалғастыруың қажет.

Кез-келген бағдарламаның атқарар өз жауапкершілігі мен артар жүгі бар. Мыңдаған көрермендер назар салып, көз тіккен соң, тележүргізушінің алдында мол жауапкершілік тұрады. Сондықтан тележүргізушінің жұмысының қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Эфир кезінде жұмыс істеушілерден ұстамдылық пен сабырлықты талап етеді. Дегенмен, эфирді ойдағыдай алып шығу оңайға соқпайды. Сол себепті, ең алдымен тележүргізуші өзін-өзі ұстай білуі қажет. Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен тележүргізушіге қажет міндет екен.

                                    Амантайқызы Аделия

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым