Алтын күз ертеңгілік

Алтын күз ертеңгілімізді бастаймыз.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі

қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. «Тұлпар» тобының бүлдіршіндерін қошеметтеп қарсы алайық.

Ән: «Күз тамаша»

Жүргізуші: – Ал, балалар, балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қаймезгілде ойлайсың?

Дұрыс, күзмезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалардың жауабы).

Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз – Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).

Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар!

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Күз ханшайымы, біздің балалар күз мезгілі жайында тақпақтар біледі.

Тақпақтар: 5

(Есікті біреу қағып, «Мені де кіргізіңдер»-деп айқайлайды. Залға қолында сыпырғышы бар бақша қарақшысы кіреді)

 

Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, өтінемін, мен де қатысайыншы мерекеге

Күз ханшайымы: Сен кімсің? Неге мерекеге осындай киіммен келдің?

Бақша қарақшысы:Мен сәнді киінбеймін, Бақшаны да, бақты да күзетемін ылғи, Жануарлар мен құстар. Ылғи менен қорқар.

Күз ханшайымы: Жетер, кім екеніңді жұмбақтамай айтшы.

Бақша қарақшысы: Күз ханшайымы, мен жалқау емеспін.Мен еңбекқор Бақша қарақшысымын. Жаз бойы бақшада тұрамын. Күннің ыстығына да, жаңбырына да қарамаймын. Ұйықтамаймын, тамақ ішпеймін, бірақ көкөністер мен жемістерді күзетемін.Менің куәгерлерім де бар. Балалар айтыңдаршы, мен бақшаны құстардан күзетемін бе?

Балалар: Иә

Бақша қарақшысы: Көрдіңдер ме (ренжіп), ал мені мерекеге кіргізбейді ешкім. Менің киімім жаман дейді. Егер мен бақшада әдемі киіммен тұрсам, құстар менен қорықпайтын болады ғой…

Күз ханшайымы: Ренжімеші бізге. Балалар, бақша қарақшысына мерекеге қатысуға рұқсат береміз бе?

Балалар: иә, рұқсат етеміз (Қарақшы басын иіп, орындыққа отырады)

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Кезегімізді әнге берейік. Айзере мен Аянаттың орындауында  «Келді Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Әсем әуен салдырған

Сәбилер де алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын

Есте қалар балдырған.

Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік

Тақпақтар: 4 бала

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын. Өзіммен бірге қызықты ойын алып келдім.Ойынның аты: «Жапырақтар» деп аталады.

Ойын: «Жапырақтар»

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз – дей келе келесі кезегімізді «Қырманға кел» биіне берейік

Би: «Қырманға кел»

Жүргізуші: Қыстың қамын ойлаймыз

Күздің тойын тойлаймыз

Жасады той халқымыз

Жаса,жаса Алтын күз –дей отыра балалардың күз туралы тақпақтарына кезек берейік

Тақпақтар: 5 бала

Жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті Айлана мен Раминаның орындауындағы  әсем әнге берейік.

Ән: «Осень к нам пришла»

Бақша қарақшысы: Балалар, менің сендермен және келген қонақтармен ойын ойнағым келіп тұр.Ойын ойнайсыңдар ма менімен?

Ойын: « Тікенектер»

Жүргізуші: Билейміз біз бұралып

Тақпақ айтсақ құба – құп

Қоштап қолды соққанда

Қаламыз біз қуанып деп –қыздарымыздың «Күзгі биін» қабыл алыңыздар.

Би: «Күзгі би»

Жүргізуші:   Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ-сары алтын

Айналанын бәрі алтын- деп келесі кезегімізді тақпақтар береміз.

Тақпақтар: 5 бала

Жүргізуші: Біздің топтың ұлдары күзгі сән үлгісін дайындапты. Қошеметтеп қарсы алыңыздар, 2019 жылғы ұлдардың күзгі киім үлгісі.

        

Жүргізуші: Қызыл, жасыл, сары алтындай

Жапырақтар күздің көркі

Ойланайық, толғанайық

Күз туралы әнге елтіп!

Ән «Алтын күз»

Алтын күз:Рахмет балалар, маған мереке қатты ұнады.Менің сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар еді.Соны сендерге таратып берейін.

Ал, енді менің орманға баратын уақытым болды. Сау болыңдар.

Бақша қарақшысы: Балалар сендерге көп рахмет, менің де сендермен қоштасатын уақытым болды. Сау болыңдар!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *