Қазақстандағы туризм

Туризм(tur – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Қазіргі уақытта туризм мемлекеттің экономикасында айрықша орын алады. Туризмнен түскен табыс қазіргі уақытта мұнай мен эскпорт өнімдерінің табысынан кейін 3-ші орын алады. Туризм негізінен қомақты 2 түрге бөлінеді: ішкі және халықаралық. Одан басқа туризммен саяхаттауды бірнеше бағытқа бөлуге болады. Олар: спорттық туризм, оқу туризмі, ойын-сауық туризм, бал айы туризмі, іскерлік туризм, ғылыми туризм, діни және мәдение туризм.

   Қазақстан туризміне тоқталатын болсақ, әлі де осау тұстары көп. Алайда, туризм саласында даму үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Қазіргі уақытта Қазақстан туризмі даму үстінде. Еліміздің аумағындағы туристтік орындарға шолу жасап көрейік.

     Бурабай ұлттық паркі — Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан. Парк 2000 жылы Президент бастауымен құрылған. Бурабай ерекше тастары мен ерекшеленеді. Бурабайдың тастарына аңыз бойынша аттар қойылған: Оқжетпес, Жұмбақтас. Жұмбақтас тасы ерекше тылсым көрінісімен ерекше. Бұл тас 3 түрлі әйел бейнесін көрсетіп тұр. Бірі жас қыз, екіншісі орамал таққан келіншек, ал үшіншісі болса кәрі кемпір.

     Көлсай көлдері— Алатаудың Күрмет және Саты атты асуларынан бастау алған кішігірім өзен суынан пайда болған 3 көл. Ол Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан. Ол 2007 жылы 7 ақпанда құрылды. Көлдер төңірегін шырша, қарағай, қайың сияқты ағаштар көмкерген.

    Шарын шатқалы— Шарын өзенін 154 шақырым бойлап жатқан табиғи нысан.  2004 жылы құрылған бұл шатқал, Алматыдан 159 км-дей шығысқа қарай орналасқан.

     Қожа Ахмет Йассауи, Арыстан баб кесенелері. Бұл кесенелер қазір туристтік бағытта қарқынды дамып келе жатқан Түркістан қаласында орналасқан. Екі кесенені де Әмір Темір тұрғызған. Осындай тарихи, діни мұрасымен танымал Түркістан қаласы ел аузында “Екінші Мекке” деп те аталады.

       Қайыңды көлі— 100 жыл бұрын жер сілкінісі әсерінен пайда болған ерекше орын. Күнгей алатауда орналасқан суы салқын көл болып есептеледі.

      Түрген сарқырамасы— Алматы облысы, Іле Алатауы ұлттық саябағында орналасқан шатқал. Бұл шатқал 7 сарқырамадан тұрады.

      Қазақстанда бұдан да өзге демалыс орындары бар. Осындай керемет әрі санқилы табиғат аясына бай елімізде туризмнің әлі биік шындарға жететініне сенеміз. Бұл жастардың қолында.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *