Балалық шақ

 

Бала күнімізде көп қызық сәттер орын алып еді. Баламыз, уайым қайғы жоқ, риясыз күлкі, бақытты сәттер. Балалық шағым көбіне нағашыларымның жанында өтті. Кішкентайсың, сабақ деген жоқ , бәрі жиендердің жағдайын жасайды. Бірнешеуімен бөлісейін:

Атаның мойнына мініп аласыңда жазда күніге қауын, қарбызға барасың. Атам мойнына мені, екі қолына сатып алған қарбыз , қауынды көтеріп үйге қайтамыз, сол кездері атам құдды силач секілді көрінетін. Мен негізі ӨТЕ ЕРКЕ , қолда жүретін қыз болатынмын(4 жарым жасымда жүргенімді ескерсек).

Ата өз қолымен бесік секілді тербеткіш, неше түрлі заттарды жасайтын. Дөңгелек атын білмеймін, әйтеуір бөлелеріміздің бәрін ішіне салып қойып, ішінде ойыншықтармен ойнайтын едік.Атаның жоқтығына да 11 жыл уақыт болыпты.

Өсе келе Атаның өз қолынан жасаған тапшанында тұрып алып, соны сахна деп елестетіп, бөлелер болып жиналып өзімізді музыкалық топ секілді сезініп, біреуіміз әнші, біреуіміз гитарист болып ойнаушы едік.

Далада топырақ, жапырақ дегенді көрсек болды отбасы деген ойын ойнайтынбыз, кейде өзімізге ұнамаған рөлді бергені үшін ренжіп кетіп, бәрібір сосын қайтып келуші едік, әйтеуір тамақ істесек болды деп, топырақ ұстап қалудың амалы ғой) Сосын неше түрліні жасайсың, жапырақтан жапырақ, судан су қалдырмай)) ар жағында торт дегендерді әсемдеу үшін ағаштан жемістер үзіп әкелеміз, соны жесекте болады ғой деймда, ысырап қып) кейін бәрі дайын болғаннан кейін дастарханға қойып, “ папамыз жұмыстан кепті “ деген фразамен өтірік жейсің, дастархан деген тапчан, классика ғой)) Ойын ойнап болғаннан кейін жиналмаған жер мен ысырап болған жемістер үшін әрқайсысымыз мамаларымыздан таяқ жейміз.

Су шашып ойнау жаздың хиті. Сен щигол болсаң боклажкамен, аға-әпкелерің шләңгімен жүгірген кезде, үстіңнің суын қоя берші, содан кейін жейтін таяқты айтсай.

Бір күні әжемнің үйіне туған інісінің баласы келді. Бүкіл бөлелер болып, жақындар боп жиналдық. Тапчанда жатқан кезде , үлкен аға-әпкелерімізбен сол келген кісі алма, алмұрт, атысып ойнап кетті. Оған бәріміз жабылып, ол жалғыз. Арман ағам бізді көрпенің астына тығып қойнына қысып алған, алма тимесін деп. Арасында тығылып жүріп ағаларымызға алма тасимыз. Анау байғұста берілмейді. Соңында даланың бәрін шашқанымыз үшін ұрыс естіп ек. Ысырап болған алмалар-ай. Ал қонақтың аты қонақ, бастаған сол болса да отырды)))

Индийский сериалдағы рөлдерді ойнап кететініміз ше, неше түрлі простыня , покрывалолардан жасалған лук, краскамен жасаған маңдайдағы нүкте, краска таппасан шиені езіп, Каляни, Анандилердің сөзін жаттап, тараре тараре дегендерді айтатынмын ( сондайларды маған жаттатып қоятын)

Эх  балалық шағым ай…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *