Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

1 цифры. Жылдам – баяу.Үшбұрыш

Bilimger Media
2 мин оқу 1 484 оқылым

Мақсаты:1 цифры туралы білімдерін бекіту; «жылдам, баяу» ұғымдарын, әртүрлі өлшемдегі үшбұрыштар туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • балалардың 1 цифры туралы білімін нығайту;
  • цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету;
  • жұмбақты көрген мәліметтерге сүйене отырып шешуге үйрету;
  • таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруға, заттарды сол белгілері бойынша біріктіруге үйрету;
  • үшбұрыш туралы білімін нығайту, оны өзге пішіндердің арасынан табуды үйрету;
  • үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатынын түсіндіру.
  • «жылдам», «баяу» ұғымдарын айыра білуге үйрету;
  • көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  • тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

біледі:1 цифрын, үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатынын; «жылдам», «баяу» ұғымдарын дұрыс пайдалануды;

түсінеді: цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген пішіндердің ішінен үшбұрышты таба білуді;

қолданады: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды.

Қажетті көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдардың суреті, № 1 жұмыс дәптер.

Билингвальді компонент:үшбұрыш – треугольник, доп – мяч, бір – один, арыстан – лев.

ҰОҚ-нің барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог жұмбақ жасырады:

Таңғажайып кірпішті,

Бір-біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайта-қайта қаладым.

( Текшелер)

Кезікті кербез сұлу,

Бір жануар.

Үстінде

Екі тауы бар.

(Түйе)

  1. Негізгі кезең.

1-тапсырма.

Педагог: «Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» – деп сұрайды. 1 цифры бір затты білдіретінін түсіндіреді.

Балаларға 1 цифрын бояуды ұсынады.

2-тапсырма.

Педагог сол жақта тек 1 цифры жазылғанын көрсетеді. Балаларға 1 цифрына сәйкес заттарды бояу туралы тапсырма беріледі.

–Неше шәйнекті боядыңдар (бір), неше тақия (бір), неше Күнді (бір) боядыңдар?

Сергіту сәті.

Кәне, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық,

Білімде алда болайық.

Педагог өз қалауынша ұйымдастырады.

3-тапсырма.

Арыстан мен тасбақа: «Пальмаға кім бірінші жетеді?» – деп бәстеседі.

– Сендер қалай ойлайсыңдар, не бірінші жетуі мүмкін?

–Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

Педагог «жылдам – баяу» түсініктерін сөздік қорларына енгізу жұмыстарын жүргізеді.

Педагог балаларға пальмаға бірінші жеткен аңды бояуға тапсырма береді.

4-тапсырма.

Педагог жұмбақ жасырады:

Үш бұрышы,

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай пішін?

Үшбұрышты жан-жақты қарап зерттеу.

– Кәне, үшбұрыштың қанша төбесі, қанша қабырғасы бар екенін тексерейік.

– Үшбұрыштың қандай қабырғалары ұқсас?

Балаларға мынадай сұрақ қояды:

– Суреттердің арасынан неше үшбұрышты таптыңдар?

– Үшбұрыштардың өлшемі қандай?

– Үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарындашпен, одан кішілеуін көкпен, ал ең кішкентайын жасыл түспен бояңдар.

  1. Рефлексия.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Педагог:

– Тасбақа тез жүреме, арыстан ба?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 307 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым