Мазмұнға өту

1,2,3,4 сандары туралы өткенді пысықтау. Логикалық есептер шығаруға жаттықтыру

Сдихова Айша Жеткеншековна 2 мин оқу 1 165 оқылым

Сдихова Айша Жеткеншековна

Мақсаты: 1.Білімділік: 4 саны   мен   цифры   туралы   өткенді   пысықтау, үшбұрыш ,  тіктөртбұрыш сынды  геометриялық   фигураларды  ажырата білуге   үйрету.

2.Дамытушылық. 1 , 2 , 3, 4  цифрларың    заттың     санымен   сәйкестендіруді   ары  қарай жалғастыру.

3.Тәрбиелік:Балаларды шапшаңдылыққа  ұжымдылықпен жұмыс жасауға  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ойын технологиясы

Сабақ барысы.

  1. Шаттық шеңбері:

Біз ба лдырған тең  басқан

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз біз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын  іргеміз

Бәрімізде біргеміз.

2.Балаларды 4 орталыққа бөліп отырғызу.

1 орталық-көлем тақырыбы .

2 орталық-геометриялық  пішіндер.

3 орталық-уақыт  тақырыбы.

4 орталық-кеңістікті бағдарлау.

4 орталыққа тапсырмалар беріледі.

3.1,2,3,4 ке дейін тура және кері санау .Балаларға үйрету және санату.Мысалдар келтіру.

4.Логикалық сұрақтар.

1.Қолда қанша саусақ бар?

2.Машинаның неше дөңгелегі бар?

3.Қоянның неше құлағы  бар?

4.Сиырдың неше құлағы бар?

5.Бағдаршамның нше көзі бар?

6.Піл үлкен бе,тышқан үлкен бе?

7.Қоян жүйрік пе,тасбақа  жүйрік пе?

8.Аспанда қанша жұлдыз бар?

9.Аспанда күн нешеу,ай нешеу?

10.Тау үлкен бе,тас үлкенбе?

5.Сергіту-Санамақ.

Бір дегенім-бесік,

Шықтың содан өсіп.

2 дегенім-елім,

Далам,тауым,көгім.

3 дегенім-үміт.

Үміт артар  жігіт.

4 дегенім-төзім.

Төзе білем өзім.

5  дегенім –бақыт.

Бағалайтын уақыт.

6 дегенім-ақыл

Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім-жалау.

Жүректегі алау.

8 дегенім-сертің,

Серт беретін кезің.

9 дегенім-тоқтау.

Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім-Отан.

Қорға соны ботам.

6.4топқа арналған дидактикалық ойындар.

А) Тапсырманы орында.

Мақсаты:үлкен  және кіші заттарды ажыратуға үйрету.

Шарты:Бір.баланы ортаға шақырып оң қолына үлкен  ойыншық,сол қолына кішкентай ойыншық ал деп тапсырма беріледі.Ойын осылай жалғаса береді.

Ә) Қандай пішін шықты ?

Мақсаты:Таяқшалардан таныс пішіндер құрастыру.

Шарты:Балаларға таяқша таратып беріп  геометриялық  пішіндерді құрастыруды  ұсыну

Б)Қандай мезгіл?Қай уақыт?

Мақсаты.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты:Балаларға  тәулік мезгілдері жыл мезгілдері туралы суреттер беріп ажыратуды үйрету.

В)Не қайда?

Мақсаты:Кеңістікті бағдарлауды үйрету.

Шарты:Слайд бойынша сұрақтар қою.

Жоғарыда не бар?

Қыздың жанында не бар? Т.б

7.Қортындылау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сдихова Айша Жеткеншековна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин