Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Қазіргі заманда медицина біршама дамыды. Алдыңғы ғасырда емі жоқ боп саналған аурулардың көбіне шипа табылып, осы уақытта науқастар қажетті мекемеге барып ем қабылдаса тез-ақ аурудан айығады. Бірақ сол дәрігер жазып белгілейтін емге жету қиын. Тегін ауруханаға дертпен барсаң, ұзыннан-ұзақ кезекте тұрасың, содан соң сен бір кезектен келесі кезекке тұрып, солай кемі 2 дәрігер алдынан өтесің, ал дертің ауыр болса ол дәрігерлер саны 5-6 ға жетеді. Оған қоса әр дәрігер өз тарапынан жеке анализға бағыттайды. Ол анализдің жауабын күтесің. Ұстазым Әділов Бақытұрдың айтқаны бар: «Осы кезде ауруханаға баруға қорқасың: бойыңнан 30 түрлі ит табады. Панкреатит, артрит, гастрит, дерматит, тағынсын-тағы». Кейбір анализдың бағасы да қымбат, соңында белгіленген дәрілер мен процедурал тізімі де айтарлықтай ұзақ болып, әркімнің қалтасы көтере бермейтін суммаға айналуы мүмкін. Осыған қарап ата-бабаларымыздың ешқандай арнайы құрылғысыз, анализсіз науқастың тамырын басып тұрып-ақ ауруын анықтап, шөп-дәрімен немесе арнайы емімен қалай шипа жасаған екен деп таң қаласың. Осындай заманның дала медигі, қара-үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы туралы мәліметтер соңғы отыз жылдықта қолға түсіп көпшілікке танылып жатыр.

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – 95 жыл өмір сүрген (1397-1492 жж.) ғұлама ғалым, дала медигі. Бабамыздың «Шипагерлік баян» кітабы – алдыңғы ұрпаққа мұра еткен басты еңбегі. кітап 1467-1475 жж. шамасында жазылған (Ж. Молдабеков. «Қазақтану», 2003). Бұл кітапта 1050 түрлі шипа, 4577 рецептіні қамтыған. Онда 728 түрлі өсімдіктерден, 318 түрлі жан-жануарлардан алынған емдік дәрілер көрсетіледі.

«Шипагерлік баян» – негізгі медициналық еңбек, шығыстың тибет медицинасы мен халық емшілігінің озық идеясы мен тәжірибесінің қолтаңбасы. Кітап адамның анатомиясы, физиологиясы, психологиясы, әдебі туралы кең мәлімет береді. Еңбекте «жүрек, ми, сөл, түк, тағысын-тағылардың адам денесіндегі рөлі, тамыр және тамыр ұстау, шешен вакцинасын тапқырлау, күйік, үсіктерді сақайту,» т.б жақтарды емдеушілік сараланып, дәйектеліп берілген. «Шипагерлік баян » – тіл, мәдениет, тарих, философия, психология, астрономия, этнография, этика, мораль ғылымдарын бір ғана бедицина үшін іскерлікпен қызмет еттіре білген үлкен ғылымнама.  (Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян», 1996)

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы жетістігі – далалық тәжірибелердің, көшпенділер өркениетінің, шығыстық медициналық мәдениеттің көрінісі және көрсеткіші, оларды түйіндеген дара таланты мен ептілігінің жиынтығы. Оның емшілік өнері адам-тағдырымен тікелей байланысты. (Ж. Молдабеков. «Қазақтану», 2003).

 

Данат Жанатаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

Қажиев Жамбыл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Қажиев Жамбыл

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *