Daryn Teacher мен Daryn Tutor

Daryn Teacher мен Daryn Tutor
Мұғалімнің
 кәсіби іскерлігі нәтижелі білім берудің негізі.

Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы — ұстаз қолында.

Н.Ә.Назарбаев

 

«Болашақта еңбек етіп, өмір суретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қойылмайды.

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.

Мектепті басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.

Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай  бағыттау оқушының  «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.

Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес,бүгінгі алған білімі нөмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету.

Тұлғаныңөзіндікдамуыөзбіліміүшінөзжауапкершілігінкөтеруоның «көптіңбірі» немесе «көптіңеңжақсысы» болуыменемес, өзтұлғасыныңмәнділігін, құндылығыменмаңыздыболыпсаналады. Осы тұрғыдаоқытудыңжаңатехнологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардыңтехнологиялықжасерекшеліктерінеорайорынды қолданудың мәні ерекше.

Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың « Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б.

Жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал оқушылардың өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл оқушы – дарынды оқушы. Дарынды оқушылар – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

Егер мұғалім ата-анамен бірлесіп баланың қызығушылығын дамытса, онда ол әрқашан арқа сүйейтін жақтарын тапқаны. Егер мұғалім өз пәнін сүйсе, педагогикалық мәдениетті меңгерсе, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін түсіне білсе, баланың қызығушылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді, оқушыларының білімге деген құштарлығын дамыта алады. Педагог үшін ең бастысы – оқушыларды өз еңбегімен ештеңеге теңгерілмейтін еңбегінің жемісін көруге тәрбиелеу. Сондықтан ұстаз бүгінгі ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша университет бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді.Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелерімен таныс болуы, ғылыми-семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып, үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді. Педагогикалық үрдісте озат тәжірибесі кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тараудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.

Оқыту кірпішті бір қолдан екінші қолға бере салу емес, керісінше идеяларды біз дайын күйінде бермей, оқушылардың өз идеяларын ұсынатынтай етіп ұйымдастыруымыз керек. Басты мәселе мәліметтер мен мағлұматтар, яғни ақпарат көлемінде емес. Мәселе – қажетті ақпаратты игеру жолдары мен әдістерінде. Білім алушыны айналаны танып біліп, одан өзіне қажеттіні таңдай алу, өз бетінше ізденіп, білімін, тәжірибесін молайту жағдайына қоя білу керек. Оны қалай жүзеге асырамыз? Оқыту сабақ тақырыбынан басталады. Осы күнделікті сабақ тақырыбының өзін өзгертіп, шешімін табуды қажет ететін проблема түрінде ұсынсақ, осы арқылы оқушыға жақындасақ, қызықтырсақ болады.

Ал, оқытудың нәтижесі қандай болмақ?

Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай?

Ары қарай дамыту үшін не қажет?

Өзімізге осындай сұрақтар қою арқылы оқытудың мақсатын айқындап, маңыздысын таңдап, ең тиімді әдістерді қолдануға тырысамыз. Әрине оңай емес. Ең бастысы осындай жұмыстар арқылы оқушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, сол қабылдаған ақпаратты талдап, бағалауға үйренеді. Әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көз қараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылу керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға, тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.

«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла алмайды. Керісінше, олар әрқашан өздігінен білім көтеру үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігін, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді?», — деген екен бір белгілі педагог. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *