Менің таңдауым

Шама Адина Бауыржанқызы

Әлемде көптеген адамдар сонымен қатар әртүрлі мамандықтар бар.Мамандық таңдау -үлкен өмірге аяқ басар кезең. Осы бір қиын таңдау менің де алдымнан шықты. Өмірде жар таңдау мен мамандық таңдауда қателеспеу керектігін бала кезден санама құйып өсіргендіктен,бұл өмірдегі алғашқы саналы түрде таңдаған шешімін болды.Бұл таңдауымның дұрыс немесе бұрыс екенін болашаққа тапсырдым.Алайда,бұл мамандық жайлы қоғамдағы пікірлер,менің санамды улауда.Осындай пікірлерге қарамастан менің тандауым-журналистика саласы болды.

Журналистика саласы- қиындығы мен қызығы қатар жүретін,әрдайым ізденісте болуды талап ететін жауапты мамандық түрі.»Журналистика саласы біз үшін неге қажет»?-деген сұраққа жауап беруден бастауды жөн көрдім.Себебі,журналистика мамандығы қоғамның дамуына,халық пен билік арасында қатынас орнауына мүмкіндік беретін маңызды сала.Осындай маңыздылығына қарамастан қоғамда журналистика саласы « өлді»-деген мифтер жиі кездеседі.Мен болашақ журналист ретінде бұл пікірдің туындауын зерттедім және бұл пікірдің орынсыз екеніне көзім жетті . Өйткені,әлем өз дамуын тоқтатпайынша,ақпараттар жойылмағанша журналистика саласы да жойылмайды.Бұл ақиқат! Ал қоғамдағы пікірдің туындауына әсер еткен білікті,сауатты журналистердің аз болуы.Өйткені,Қазақстанда журналистика саласында білімі жоқ кез-келген атақты адамдар оңай журналист болып жатыр.Мысалы, әзілкеш Қайрат Әділгерей және тағы басқалары.Біздің елде журналистің біліктілігі емес,бағдарламалардың рейтингі маңызды .Сондықтан,қоғамда осындай орынсыз пікір қалыптасқан.Бұл деген журналистика саласына жасалған үлкен әділетсіздік.

Қорытындылай келе,мен өз таңдауымды жасадым және бұл таңдауыма ешқашан өкінбеймін.Ендігі менің мақсатым өз салама деген орынсыз пікірлерді жою. Менің болашақ түлектерге айтарым ешқашан біреудің сөзіне сеніп,өзің қалаған мамандықтан бас тартпаңыздар.Кез-келген саланың жақсы әрі жаман жағы болады.Сондықтан,өзің қалаған мамандықты таңдау керек.Сонда ғана жоғары белестерді бағындырасын.Өмір бойы айналысатын салаң казіргі сенің таңдауыңа байланысты .Сондықтан,балалықты тастап,өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *