Өру өнері. Өру түрлері.Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу

САБАҚ: 14 Мектеп:  № 21 Д.Пахомов ОМ
Күні: 08.12.2022 ж.                                                                                                       Мұғалімнің аты-жөні: Абышев Д.С.
Сынып: 5 Қатысқан  саны: 9 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Өру өнері.Өру түрлері. Материалдар және құрал- жабдықтармен танысу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.6.2 Заманауи және дәстүрлі емес материалдардың бірқатарын тану, олардың қасиеттері мен тағайындалуын анықтау.

5.1.5.2 Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар мен эскиздер орындау

Сабақтың мақсаты Әлемдік және қазақтың ұлттық мәдени өнері, қолөнері мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.
Жетістік критерийлері Оқушылар орындай алады:

·         Өру өнерінде дәстүрлі емес материалдарды қолданады

·         Олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтайды

Тілдік мақсаттар Әр түрлі жағдайларға негізделіп практикалық ізденістер қалыптастыру дағдысы жалғасын табады, сондай ақ идеяны жетілдіру, түрлі материалдарды тәжірибелеу, бұйымды жасау және дайындау жүзеге асады. Оқушылар құралдарды қауіпсіздік жұмыс ережелерін сақтай отырып қолдану дағдыларын дамытады.

заманауи және дәстүрлі емес материалдармен,

құрал— жабдықтармен жұмыс жасайды;

дәстүрлі емес материалдар мен құрал-жабдықтарының қасиеттерін зерттейді;

өру өнері туралы айтып береді.

Құндылықтарды дарыту          Басқалардың  ойымен пікірін  құрметтеу.

         Оқушылар арасында  жақсы  қарым-қатнас орнату.

         Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына  құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

         Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар зерттеу барысында  теориялық білімдерін  география, геометрия, тарих, экономика,  дүниетану, сызу, математика .пәндерімен және өнермен байланыстыру.
АКТ қолдану дағдылары Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді  салыстыра білу .                                                                                                              

Бастапқы білім Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өткен тапсырмаларды еске түсүру.

Сабақ барысы         
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  Ресурстар
 Сабақтың басы

1 кезең

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 кезең

Сабақтың барысында  оқушыларға өру техникасымен орындалған әртүрлі бұйымдарды көрсету. Өру түрлерімен (макреме, шыбықтан,газет түтікшелерден өру және т.б.) таныстыру.  Өру үшін қолданылатын материалдарды таныстыру. Олар табиғи және жасанды болуы мүмкін: тері,жүгері собағының орамасы, түрлі  фактурадағы және жуандыктағы жіптер, орама қағаздар. Сондай-ақ дәстүрлі емес материалдар қолданылады: пластикалық бөтелкелерден, полиэтелин пакеттерден, газет түтікшелерінен жасалған жіптер. Өру  техникасымен орындалған бұйымдарды зерттеуді, иллюстрацияларды, СҚӨ бұйымдарды бейнеленген   бейнематериалдарды оқушыларға ұсыну керек, шартты белгілермен және өру сызба-нұсқасын оқудың негізімен таныстырады.

Жұмыс барысында мұғалім оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауын және жұмыс орның (әсіресе жұмыс соңына қарай) таза ұстауларын қадағалайды

 
Сабақтың соңы

 

 

 

Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды, олардың атауы мен қолданылуын қарастыруға ұсынады.

Ұсынылған бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс?  Олар қалай аталады?Олардың қолданылуын түсіндіріңіздер.  Олар қандай материалдан жасалған?Олардың пішіні, түсі мен фактурасы қандай?

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.

 
Сабақтың соңы

2-мин

кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

— нені білдім, нені үйрендім

— нені толық түсінбедім

— немен жұмысты жалғастыру қажет

 
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді  іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *