«Өнерлі отбасы!»

«Өнерлі отбасы!»
Маңғыстау облысы: Мұнайлы ауданы
Бесшоқы елдімекен № 9 “Бәйтерек балабақшасы”
Тәрбиеші: Өнербаева Ықпал Айтбаевна

Тақырыбы: «Өнерлі отбасы» отбасылық сайысы.
Мақсаты: Ата – аналармен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту.
Ата – аналардың балабақшамен, тәрбиешілермен, басқа ата – аналармен тұрақты қарым – қатынасын қалыптастыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата – аналар, ұстаздар ұжымдастар!
Барысы: Атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған «Өнерлі отбасы» сайысына қош келдіңіздер! Олай болса сайысқа қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып
Бәйге үшін терлетіп шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Балабақшамыздың меңгерушісі: Титанова М. Ү
2. Балабақша тәрбиешісі: Избасарова А. А
3. Балабақша әдіскері: Ибадуллаева М. Н

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады
1 бөлім – Таныстыру. Мен және менің отбасым
2 бөлім – Өз өнерлерін көрсету
3 бөлім – Ситуациялық сұрақтар. Бала тілі — бал
4 бөлім – Отбасылық ойын
5 бөлім – Сахналық көрініс, ертегі сахналау
6 бөлім – Мақал сөздің мәйегі мақалды жалғастыру
Жүргізуші: бүктелген қағаздарды алу арқылы сайысты кім бастайтынын анықтайық.
Жүргізуші: 1 -кезең
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қарындай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға – әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазылар таныстырудың бағасын беріңіздер.
Жүргізуші: 2 кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда,
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында – демекші ана мен бала өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: 3 кезең
Ана – бала, бала – ана бір ұғым
Бір – бірінсіз жоқ олардың бақыты
Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,
Екеуінің өтсін бірге уақыты- дей келе сайысымыздың келесі кезегін сұрақ жауапқа береміз.
Аналарға ситуациялық сұрақтар қойылады.
1 – сұрақ. Балаңыз бақшада үлгілі, тәртіпті, апайының айтканын тыңдайды,оған қосымша ағылшын, орыс тілін үйренсін деп планшет сатып әпердіңіз.Апайы кейінгі кезде оның балабақшада достарымен қарым – қатынасы нашарлап, мінезі тұйықталып кеткенін айтады, сіз кандай шара қолданасыз?
2 – сұрақ. Сіздің балаңыз қазірден дәрігер болғанды армандайды. Ал сіз балаңыздың өнер жолын таңдап танымал болғанын қалайсыз, сондықтан оны өнер үйірмесіне бердіңіз, ол үйірмеге тек сіздің калауыңыз бойынша барып жүр. Бала жетекшісіне өнерді ұнатпайтынын айтады, жетекші сізге баяндады. Сіздің әрі қарайғы іс – әрекетіңіз?
3 – сұрақ. Сіздің балаңыз өте ерке, қырсық және ол ерте оянып балабақшаға барғанды мүлдем ұнатпайды. Сіздің әрекетіңіз?
4 – сұрақ. Сіздің балаңыз балабақшада ойын үстінде аяғын орындыққа соғып алды, және орны көгеріп қалды, сіз баладан сұрағанда апай жарақаттады деп айтты. Сіз ашуланып меңгерушіге бардыңыз. Кейін ол жазатайым жағдай екенін білдіңіз. Сіздің іс – әрекетіңіз қандай?
5 – сұрақ. Сіздің балаңыз «Балапан» телеарнасынан мультхикая қарап отыр, келесі арнада сіздің сүйікті сериалыңыз болып жатыр. Сіздің балаңызға әрекетіңіз қандай?
Бала тілі – бал – балаларға арналған сұрақтар:
1 – сұрақ. Сіз келіп жүрген балабақшаның атауы қалай аталады?
2 – сұрақ. Сен неше жастасың?
3 – сұрақ. Балабақша меңгерушісінің толық аты – жөні кім?
4 – сұрақ. Елбасы деген кім? Ол кандай адам?
5 – сұрақ. Балды жақсы көретін аң?
6 – Қорқақ аңды ата?
7 – Қойдың төлі қалай аталады?
8 – Нағашы әже деген кім?
9 – Өзіңнің толық аты – жөніңді атап бер?
10 – Бір жылда неше мезгіл бар?
11 – Капуста қазақша қалай аталады?
12 – Тәрбиеші апайларыңның, күтуші апайыңның аты – жөнін білесің бе?
13 – «Сәлеметсізбе» — деген сөз ағылшынша қалай айтамыз?
Жүргізуші: 4 кезең

Отбасылық ойын
Жүргізуші: 5 кезең
Ертегі сахналау
Жүргізуші: 6 кезең
Шебер болса тіл байып
Шешендіктер бір ғайып,
Мақал – мәтел үйреніп
Тілімізді шыңдайық – деп кезекті отбасылардың мақал – мәтел айту, яғни оны жалғастыру сайысына кезек берейік.
1. Отан – … Отбасынан басталады.
2. Жақсы сыйлағанның құлы – Жаман қорыққанның құлы.
3. Өнерлі өрде озар — .. Өнерсіз жігіт жер соғар.
4. Адам ойға тоймас – Бөрі қойға тоймас
5. Ақыл көпке жеткізер — .. Өнер көкке жеткізер.

6. Ақылсыз адам айқай келеді
7. Жан – жағын жайпай келеді.
8. Ақылды адам жай жай сөйлейді
9. Жанжағын байқай сөйлейді
10. Әдепті бала – арлы бала … Әдепсіз бала сорлы бала.

11. Өнерлі бала — .. сүйкімді.

12. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, .. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
13. Бай болмасаң бай болма, — .. Өнер білімге сай бол.
14. Өнерді үйрен — .. Үйренде жирен.
15. Өнер алды — .. қызыл тіл.
16. Әдептілік белгісі — .. Иіліп сәлем бергені.

Қорытынды:
Ата – аналардың тілегі
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің
Тек қана ата – аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *