«Өмірде әр минут қымбат» (ата-аналарға арналған алдын-алу іс-шарасы)

Раханова Гүлайым Мауленқызы

Мақсаты:Отбасындағы баланың әлеуметтік орнын, бос уақытын тиімді өткізу, өзіне қызмет ету біліктілігін және жақын адамдарына қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру.

 

Психолог сөзі.Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар.

Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үміттеміз. Отырысымыздың  ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.

 

Отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осына ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы– адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

— Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата-аналар, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет-өзіңіз, екінші рет балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата-аларға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болыпәрдайыммектеппенбайланыста болыңыздар демекпін!

Олай болса,бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.

«Амандасу  түрлері» жаттығуы
Ол үшін,  би алаңына шығамыз.  Әуен аяқталғанда өздеріңізге жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін.

Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен, бет-беттеріңізбен, мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз.  Рахмет! (орындарына жайғасу)

Әлемге әйгілі шығыс ғұлама  Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ:

 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

“Тек ата-ана мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен, адамдық бақытты беруі мүмкін”                        В.А. Сухомлинский

Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» — деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет.

“Өз жұлдызыңызды табыңыз” жаттығуы

Нұсқау:Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

а) ата ана алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады ә) жұлдыздарға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестетінін жазады. б) тақтаға іледі

Талдау:1. Жаттығу ұнады ма?

  1. Қандай сезімде болдыңыздар?

       Бейнеролик: «Бала тәрбиесі және ғаламтор қауіпі».

Сөз кезегі ата-аналарға сөз беріледі.

Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.

Айшылық алыс жерлерден,Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.
Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.
Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты.
   Слайд: Қазіргі кездегі ғаламторды жайлаған қауіпті ойын.(қатысушылар ой-пікірі)

Рефлексия “Микрофон”

    “Тілек -шам» (Шырақ) жаттығуы.

Психолог: Біздің бүгінгі отырысымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ра.

Ал, қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір- бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір- бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алған себебім,  алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *