Өз халқының мүддесі үшін күрескен ұлы қайраткер — Сұлтанбек Қожанов.

Көз алдымда көлеңке жоқ, тас түнек,
Əлгі мылтық шүріппесін басты кеп.
Атылған оқ өн бойымды суытты ,
Қарт өмірмен қош айтысты жас жүрек.
(Саят Әбенов “Атылған оқ”)

Кеңес билігі дәуірінде коммунистік билік кесірінен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ қайраткерлер саны өте көп. Репрессия құрбандары Қазақстанның түпкір түпкірінде болғанымен, айтарлықтай қайраткерлер өз өңірім Түркістаннан шыққан.Солардың бірі мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист — Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов.
Сұлтанбек Қожанов 1984 жылы 9 қыркүйекте Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылында дүниеге келген. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан шыққан Сұлтанбек Қожанов 1915-ші жылдан бастап елдің саяси-әлеуметтік жұмысына белсене кірісті. Сол кезеңде Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте ,М.Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орталық комиссияның мүшесі ретінде 1918 жылдың қарашасынан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылдары Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды. 1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды. 1922 – 1924 жылдары Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. 1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылдары Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылдары БК(б)П ОК аппаратында істеді. Ол негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Оның “Есептану құралы” атты оқу құралы мен “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі 1924-1928 жылдары кітап болып шыққан. РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен 1923 жылы өткізген Төртінші кеңесінде , РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен 1926 жылғы жеке кеңесте сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылдың 16 шілдесінде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана
1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы және Шымкент қалаларында көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған. Сұлтанбек Қожанов сәулелі әулеттен шыққан ардақты тұлға. Жеті атасына дейінгі бабалары батырлық пен ерліктің биігінде тұрса, өз әкесі Қожан да ел жақсысы, даналық мектебінің, руханият әлемінің жанашыры болып туған халқына адал қызмет еткен жан. Дәулеті мен сәулеті жарасқандарға қырын келген кеңес билігі Қожановтың өзін де, жарын да, ұрпақтарын да аямады.

Жетекшісі: Ф.А.Қозыбақова, Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Дайындаған:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,филология факультетінің 1-курс студенті Жамбыл Назерке

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *