Өзекті мәселелер

Қазіргі таңда қоғамда өзекті мәселелер саны аз емес. Жалпы мен болашақ журналист ретінде екі мәселелені көтерер едім. Біріншісі, сыбайлас жемқорлық еліміздегі жастардың арасындағы жұмыссыздық. Бірінші мәселені тодықтай ашып кетсем. Жалпы жемқорлық дегеніміз не? Ол — жеке тұлғаның қызмет бабын асыра пайдалануы, коммерциялық пара алуы немесе өзінің қызметтік жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы келетін өзге де заңсыз пайдалануы. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің саяси және азаматтық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді.
Еліміздегі жемқорлықты қарастырайық. Неге біз әлі дамыған 30 елдің қатарына еңбедік? Себебі халық жағдайы, әл ауқаты керемет деп айта алмаймын. Мысалға, БАӘ алсақ, олар жалғыз мұнаймен осындай дәрежеге жетті. Ал біздің олардан қай жеріміз кем? Жерімізде Менделеев кестесіндегі бар байлық бар. Азияның орталығында орналасқан мемлекетпіз. Менің ойымша бұл мамандардың жетіспеушілігі мен надан басшылықтың кесірінен. Эфирлерден біздің бетке ұстар азаматтарымыз, депутат ағаларымыздың жиналыста мызғып, тіпті туған ана тілін білмейтінін көріп отырмыз. Ал неге бұл азаматтардың орнына жас мамандар келмейді? Өйткені….. өйткені, олар өздерінің табыс әкелетін орындарынан айырылғысы келмейді. Ал, тіпті сәл логикалық оймен қарасақ, олар ХХ ғасыр балалары, коммунистік тәрбие көрген кісілер. Ал, жастарымыз осы жаңа заман ХХІ ғасыр балалары. Оларда жаңа идеялар, ұсыныстар өте көп, бірақ бастықтарымыз «Сен әлі жассың, ештеңе білмейсін» деп беттерін қайтарады. Бұл жайлы кейін. Елге оралайық. Жолдарымыз, тұрғын үйлерімізді сөз етейік. Неге сапалары төмен? Жолдар керемет соғыс өткендей ойық-ойық. Су жаңа қоныстарда жарықшалар пайда болады, кірпіштері құлап, опат болып жатыр. Себебі, «Мен-сізге, сіз-маған» деп, бөлінген қаржының жартысы қалтаға салынып, жарты бөлігі іске асырылады. Әзірлеушілер визаулды идеал үйлер мен жолдар жасайды. Ал сапасы…… Тағы бір айта кететін жайт, «Мәке, Сәке» мәселесі. Қазіргі кезде туыстық қатынасын асыра пайдалану жайттары жиі кездеседі. Мысалы, егер жоғары жақтан қандай да бір танысын болса, жасыл түс деген сөз. Қазіргі кезде «Талант бар, таныс жоқ» дейді. Қанша жерден талантты болсаңда, таныссыз ешкім емессің.
Келесі мәселелердің бірі, ЖОО бітірген жас мамандардың жұмыссыздығы. Қазіргі кезде тәжірбиесіз жұмысқа орналасу өте қиын. Жаңа ғана оқу орнын бітірген жас маманда қандай тәжірбие? Алыстан қарамай өзінің оқиғамды айтсам. Маған 2020-2021 жылы жұмыс қажет болып, құрбымның кеңесі бойынша, мейрамханаға даяршы қызметін атқаруға тырысып едім, маған: » тәжірбиен болмаса жұмысқа алмаймыз» деп еді. Ал енді 15-16 жастағы жасөспірімде қайдағы тәжірбие? ҚР заңы бойынша жұмысқа 18 жастан заңды түрде тұруға болады. Ал оған дейін ше? Сол себепті мен «Наращивание ресниц» «Окраска бровей, ламинирование бровей, архитектура бровей’ курстарын өттім. Сол уақыттан бері өз өзіме жұмыс жасап келемін. Сол себепті жастардың көбі елде жұмыс таба алмай, ел асып кетеді. Кейін неге жастар шет елге кетеді деген сұрақ туындайды. Себебі ол жерде жастар үшін көп мүмкіндіктер беріледі.
Жалпы ойымды қорытындылай келе, болашақ жастардың қолында дегім келеді. Сондықтан жастарға жол беріп, қолдау көрсету керек. Елімізді бірге көркетейік. Күшіміз бірлікте, ағайын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *