Әдебиеттің әдемілігі жойылмады ма?

Әдебиет әрі күшті, әрі нәзік, әрі көркем болуды тілейді

Ғабиден Мұстафин

Ақын жанының айнасына айналып, дүниенің әдемілігін көркем жеткізе білген ұлы әдебиеттің құдіреті шексіз. Оның тағылымы терең, тәрбиесі мол. Сонау тарихтан тән мен жан тазалығының, махаббаттың нышаны болған әдебиеттің қазіргі күйі қандай? Оның сол баяғы пәктігі, құдіреттілігі сақталды ма?

Қазақ әдебиеті әрқашан бала бойындағы махаббатты арттырып, жас тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін дәріптей түседі. Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішкен әрбір бала тұлға ретінде қалыптасары анық. Қазіргі күні бұл жанр балалар арасында кең танымал болмаса да, әр қазақтың баласы тарихтан келген көркем ертегілерді, жыр-дастандарды бойына сіңіріп, өсе келе ол қасиеттерді дамыта түседі.

Қазақтың көркем әдебиеті жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп отырады. Енді ғана әріп танып, кітап әлеміне енген балақай өзіне ұнайтын ертегілерді, батырлар жырларын оқып, өз кумирлерін қалыптастыра алады. Ал жасөспірімдер үшін әдебиеттің мелодрама жанрлары- мысалға айтсақ, Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» сықылды, не болмаса, тарихтың, саясаттың ащы менен тәтті тұстарын бейнелейтін Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» секілді шығармаларын оқуға болады.

Қазіргі таңда әдебиетіміз одан әрі шарықтай түсіп, өз қанатын жаюда. Оған дәлел қазақ туындыларының өзге тілге аударылып, шетел азаматтарының жүрегінен орын табуында. Мысалы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы»туындысы 1993 жылғы зерттеулер бойынша әлемнің 116 тіліне аударылған екен. Бұл дегеніміз әдебиеттің көрер жарығы әлі алда.

Ал қазіргі жастар әдебиетті оқып қана қоймай, оны дамытуы бұл саланың мәңгілік атануына себепші болар еді. Сол себептен әрбір тарихын, елін сүйетін азамат Отаным үшін деп өзінің титтей болсын пайдасын тигізгені жөн.

Дүйсенбек Ақмоншақ Қостанай Өңірлік Университеті,1 курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *