«Ұлт тарихындағы жарқын тұлға — Тұрар Рысқұлов»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің т.ғ.к., доцент Г.Б.Қозғамбаеваның ұйымдастыруымен философия және саясаттану факультеті 1 курс студенттерімен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына  128 жыл толуына орай  «Ұлт тарихындағы жарқын тұлға — Тұрар Рысқұлов» деген тақырыпта 07.04.2022 жылы тәрбие сағатын  өтті.

Әлемдегі тарихты жасауға ат салысқан тұлғалардың бірі адамзат тарихына өзіндік үлес қосса, ал бірі жаңа өзгерістар еңгізіп, тарихтың жаңа бетін ашуға мүмкіндік туғызады, енді бірі өзінің жағымды іс әрекеттерімен тарихта қалады. Қазақ тарихындағы осындай тұлғалардың бірегейі  қоғам қайраткері Т. Рысқұлов.

Ұлы тұлғалар болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік  орын алу үшін, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы  мағлұматтар  мен зерттеулермен  студенттерді таныстырып, оларды  ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып ақыл парасаттылыққа, әділдікке баулу.

Топ студенті Жұмабаева Алуа «Тұрар Рысқұлов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері» деген тақырыпта  жасаған баяндамасында тұлғаның өмір жолы мен қызметіне экономика, мәдениет, дипломатия, тарих және т.б.  саланы жетік меңгерген дарынды қоғам қайраткері екендіне тоқталып өтті. Баяндамада: «Ол түркі тілдес халықтардың конфедерациясын жариялы түрде ұсынып, шын мәнінде Тәуелсіз мемлекет құруды армандады. Ашаршылық жылдары Кеңес үкіметінің солақай саясатын ашық сынап, Сталинге хат жазды. Лауазымды қызметте жүрсе де ұлт үшін талай рет басын қатерге тіккен ұлтжанды азамат болды» деп қорытындылады

Тәрбие сағатында студенттер Т. Рысқұловқа арналған өлең-шумақтарын оқып, оңын өмірі мен қоғамдық саяси қызметіне байланысты құрылған викториналық сұрақтарға жауап беріп, ән мен күй орындалды.

Тұрар Рысқұловтың мемлекет, халық алдында  атқарған еңбегі орасан зор. Т. Рысқұловтың өмір жолы мен өршіл арман-мұраттары, өлмес істері, өшпес іздері елінің мәңгі есінде. Ол — талант иесі айтулы оратор, табиғатынан ерекше туған жан. Ұлан ғайыр қызметінің бәрін жеткізіп айту да қиын.Оның бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды.

   Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – дың тарих факультетінің

               Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Г.Б. Қозғамбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *