Ұлттық салт дәстүрлердің тағылымы қандай?

 

Ұлттық салт дәстүрлердің тағылымы қандай?

Әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімдері
бар.Барлық салт-дәстүрлер ата-бабадан қалған сенімдер нәтижесі. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің қанша ғасырдан бергі сақталып, қаймағы бұзылмай, қазіргі қоғамда үйлесім тауып қолданылуы ұрпақтардың ата-бабасына деген ерекше құрметі. Салт-дәстүр тек қана наным-сенім қызметін атқарып қоймай, ағайын мен туыстың ара қатынасын бұзбай, кішінің үлкенге деген құрметін, ел арасындағы татулықты бұзбауға көмектеседі.

Салт- дәстүр қазіргі таңда қазақ халқының өміріне біте қайнасып, рухани мәдениетке айналаған.Дәстүр ел арасында тәрбие құралына айналғаны анық. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Өскелең ұрпақ тәрбиелеу барысында салт-дәстүрді қолдану еліне деген сүйіспеншілікті, халқына адал болуды, жомарттық пен адамгершілікке баулыйды. Яғни, дәстүр адам өмірінде атқарар рөлі маңызды екенін көреміз. Ата-бабаларымыз дәстүрді дәріптеу барысында адам бойына тек жақсы қасиеттерді беруді ғана ойлаған. Адам өзін тәрбиелеу барысында небір жамандыққа ұшырасада осындай салттың арқасында жамандықтан,біреудің ала жібін аттамаған. Салт дәстүрлер заман талабына сай өзгерістерге ұшырағанымен тәрбиелік мәні сол қалпында қалуда. Осындай өзгерістер 70 жыл отарланудың нәтижесі десек те болады. Қазақ халқының осыншама қиындықты бастар өткере отырып, “Қазақ” деген атағын сақтап қалу осы тәрбие мен еліне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі. Тарихымыздағы дәстүрдің қазіргі таңда түп тамырымен жойылып кетпеуі-өскелең ұрпақтың мойнында. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” демекші еліміздің аяққа нық тұруы жастардың қолында. Салт-дәстүрді қайта жандандыру үшін жастар тарихты қайта зертеп, терең үңілулеру қажет екені айтпаса да белгілі. Халық салт дәстүрін ұмытса мәңгүрт атанады. Сондықтан, ел арасында салт дәстүрлерді ұмыттырмай, санамызды қайта жандандырып “Жаңа Қазақстан”-ға үлкен сеніммен қадам басқанымыз жөн. Өмірімізге біте қайнасқан дәстүрді шеттетпей, алдағы ғұмырымызға барынша қосқан дұрыс. Ел алдына қойылған мақсаттың ең біріншісі осы дәстүріміздің жоғалмауын қамтамасыз ету.

Ендігі мәселе, халықтың дәстүрге деген махаббатын ояту. Әр адам өзінің алған тәлім тәрбиесі, қаншалықты дұрыс пен бұрысты ажырата алуына қарай өз бойына неше түрлі қасиеттерді сіңіреді. Адамның тарихқа деген махаббаты өзінің санасындағы қызығушылығы мен елден естіген әңгімелеріне қарайды. Салт-дәстүрді тек той домалақта ғана қолданбай, бала тәрбиесі, ата-ана тәрбиесі, ене мен келін арасындағы қарым қатынаста қолданылуы қажет. Мұның барлығы халықтың бір біріне деген жанашырлығынан бастау алады. Адам өзіне қала жаны ашыса, елінеде солай қарауы қажет. Мұның барлығы тәрбиеден бастау алады. “Тәрбие тал бесіктен” деген сөз де бар. Бесіктен бастап тәрбие алған халық ешқашан мәңгүрт елге айналмайды. Салт пен дәстүрдің маңыздылығын осыдан көруімізге болады.

Осыншама ғасыр мен қиындықты бастан өткерген салт-дәстүрлерімізді, мәдени құндылықтарымызді бүгінгі күнде өскелең ұрпақ тәрбиелеу барысында санасына сіңіруіміз қажет.Менің ойымша, адамның алған тәрбиесі ешқашан бойынан кетпейді. Салт-дәстүрді дәріптеу осы тәрбиеден бастау алады. Бабаларымыз ешқашан тектен-тек ырым-тыйым, дәстүрді дәріптемеген. Әр қайсысының ар жағында тәрбиелік мағына бар. Еліміздің ұрпақтары тәрбиелі,өнегелі болуы осы салтымызбен дәстүрімізден бастау алатынын ұмытпайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *