«Үш жүз» газеті

Берілген басылымның басты 3 ерекшелігін мысалмен нақтылып жазу.

«Үш жүз» газеті

Үш жүз 1917 жылы қазан-қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты опонентіне айналды. Үш жүз өзінің әлеуметтік тегі жөнінен ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат-мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
Кейінірек, елде саяси хал-ахуал шиеленісіп, өкімет үшін күрес шырқау шегіне жетіп, таптық жіктеу процесі күшейген жағдайда Үш жүз іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті және Қазан революциясы жеңіске жеткен соң Алашқа қарсы ашық күреске шықты.
Жұмысшы қозғалысының дамуында жергілікті ұйымдар мен социал-демократтар тобы маңызды рөл атқарды. Қазақстанда тұңғыш маркстік үйірме Атбасарда 1896 жылы ұйымдастырылды. ХХ ғ. басында маркстік үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда пайда болды. 1905 ж. бұрын құрылған маркстік үйірме негізінде Петропавл және Оралда РСДЖП ұйымдары, Қазалы мен Түркістанда социал-демократтар тобы, ал кейінірек — Ақмола, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар және басқа қалаларда рәсімделді. 1906 ж. РСДЖП ұйымы Семейде құрылды. Солардың ішінде ең ірісі Петропавл ұйымының құрамында 147 адам, Оралда — 150 адам болды. Бірінші орыс революциясы жылдарында Қазақстанда социал—демократтар саны шамамен 500-ге жетті. Өлкедегі социал—демократтар топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда пайда болды.
Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура-и-Ислами, Муслимин-и-иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас-тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ Дидар
Журналистика факультетінің
1-курс студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *