Үндестік заңы. Дыбыс үндестігі

Когедай Серикжан

Сабақтың мақсаты:

білімділік  ̶  оқушыларға дыбыс үндестігі жайлы түсінік беру, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімін бекіту, оқушыларды дұрыс сөйлеу, жазуға баулу, іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету;

дамытушылық   ̶  дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру;

тәрбиелік   ̶  ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, талдау, жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, «Жасырынған әріптер»

Сабақтың барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу;

ә) оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы;

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Буын үндестігіне қандай қосымшылар бағынбайды?

ә) Дәптерлерін ашып, қатар бойынша тексеріп шығамын.

III. Жаңа сабақ.

Дыбыс үндестігі.

Бәрекелді, әліпбидегі әріптер ретін жатқа біледі екенсіңдер.

  1. Жаттығу жұмыстары. 3-жаттығу.

а)Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап жазу.

Ана-лар, мерген-дер, қазақ-тар, поляк-тар, әшекей-лер, қыз-дар, жігіт-тер, чех-тар.

 

б)Сабақты  тапсырмалар орындата отырып түсіндіру-үйрету.

Буын үндестігін тапқызу. Неге басқа нұсқасы жалғанбайды?

Я әрпінің, Х әрпінің емлесін айтқызу.

Дыбыс үндестігі деген не?

Дыбыс үндестігі сөздің қандай бөліктерінде кездеседі?

а)Сөз бен қосымша жігінде кездеседі: ілгерінді ықпал әсер етеді.

б)Біріккен сөз арасында кездеседі.

в)Сөз тіркесі, сөз бен сөз арасында кездеседі.

 

Егінбай   Егімбай

Көрікбай   Көрікпай

Жақыпбек   Жақыппек

Азатгүл   Азаткүл

Мал қора                   мал ғора

4-жаттығу

Қай дыбысқа қай дыбыс әсер етіп тұр?

Қандай сөздердің арасында дыбыс үндестігі кездеседі?

Бір-біріне әсер етуші дыбыстарды анықтау

Жаттығу, талдау жұмыстары.

5-жаттығу. Өздігінмен жұмыс жасау.

а) Төмендегі сөздердің түбірі мен қосымшасын айырып айтындар.Сөйлем құрандар.

б)4 оқушыға тақтамен жұмыс жасату.

ІV. Пысықтау сұрақтары.

  1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
  2. Дыбыс үндестігінің қанша түрі бар?
  3. Ілгерінді ықпал деген не?
  4. Кейінді ықпал деген не?
  5. Дыбыс үндестігі дауысты дыбыстардың үндестігі әсері ме, дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсері ме?
  6. Білімдерін бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы: 331-жаттығу. Түбір сөздерге  -ың(-ің), -ым(-ім), -м, -ң қосымшаларын жалғап, дыбыс үндестігін сызып келу.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *