Үздік ұстаз – ұлт болашағы

Алматы қаласы, Бостандық ауданы

«№69 ЖББМ» КММ

қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Туктибаева Айнур Жалеловна

 

                                        Үздік ұстаз – ұлт болашағы

      «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» – деп Б.Момышұлы айтқандай, мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосып жүрген әрбір азаматтың артында тәрбие нәрімен сусындатқан ұлы есім «ұстаз» тұр. Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен,  адами ішкі қасиетімен ерекшеленеді.

    Педагог мәртебесін көтеруге, кәсіби және әлеуметтік келбетін қалыптастыруға, талантты мұғалімдерді анықтау мақсатында  мұғалімдерге, оның ішінде жас ұстаздарға арналған байқаулардың жиі болуы — мұғалімдердің шығармашылығына шабыт береді. Шебер ұстаздардантәлім алып, тәжірибе алмасуға үлкен жол ашады.

  Тағы айта кететін мәселе, сандық  технологияларды пайдалана отырып, әртүрлі платформада өткізген қызықты  сабақтарымен бөлісу де оң нәтижесін  беріп келеді. Tik Tok -қысқа бейнероликтерді көруге және жасауға арналған жетекші платформа. Байқау аясында еліміздің түкпір-түкпірінен оқытушылар платформада өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жариялауға шақырыған. TikTok-тың  бастамасы оқытушыларға қарым-қатынастың жаңа тәсілдерін ашуға және әркімге түсінікті бейне форматта өз пәні бойынша біліммен бөлісуге мүмкіндік береді. 

   Озықтардың озығы деп танылған педагогтерге осындай ашық түрде өткізілетін байқаулардан  сүрінбей өтіп, елінің ертеңіне сеніммен қарайтын шәкірттеріңіз көп болсын демекпіз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *