Кітап оқу өзектелігі

Кітап оқу өзектелігі

  Кітап-білім бұлағы.Тарих,салт-дәстүр,мәдениет кітап бетінде табылады. Кітап-білімнің таусылмас қайнар көзі. Дүниенің барлық сыры сол кітапта. Білім жолында біздің жақын досымыз ол кітап. Ол өзінің берген білімі үшін ақы алмайды.

Білім мен ғылымның биік белестерге жету жолында кітап таптырмас құрал. Бірақ кітап оқу жастар арасында сөніп бара жатыр.

  21-ғасырдың ең өзекті мәселелердің бірі жастардың кітапқа деген қызығушылығы жоқ. Қазіргі жастар телефонға телміріп қалған. Ұялы телефонның  әлеміне кіріп кеткен жастар кітап оқудан қалды. Ақпараттық заманы болғандықтан барлық ақпарат ұялы телефонда. Жастар кітаптағы ақпаратқа қызықпайды. Себебі қазіргі жастар кітаптың пайдасын білмейді. Кітап адамның ойлау қабілетін дамытады,сөздік қорды көбейтеді,шығармашылық қасиет артады, адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Адам көпшілік ортады өз ойын жеткізе алады. Әрбір тақырыпта ой қозғай алады. Есте сақтау қабілеті жақсарады. Әрбір атқан сөзіңізді нақты әр әдемі жеткізе аласыз. Біз ғұлама ғалымдардарға еліктейміз. Сол ұлы ғалымдар кітаптап білім алған. Ертеде ғаламтор,электрондық кітап болған емес. Тек кітап қана болатын басқа еше нәрсе болмаған. Бірақ сол кітап барлық әлемнің білімін баланың бойына дарытатын. Ешқандайда ғаламтордың керек болмай қалады. Біз бүкіл білім ғаламторда дейміз бұл үлкен қателік. Барлық білім кітапта.

   Кітап оқу керек екен деп кез келген бір кітапты оқи салған дұрыс емес. Ең алдымен өзіңізге жақын,жеңіл жанрда жазылған кітапты оқу керек. Адам күніне 20 минут кітап оқу керек. Бір-бірте сіздің кітапқа деген қызығушылығыңыз оянады. Кітап галактика сияқты оның шегі болмайды. Оқыған сайын әлемнің жаңа сыры ашылады. Кітап оқыған өте қызықты. Менің кеңесім кітапты қолға алып оқыңыздар. Сондағана кітаптың құндылығын түсінесіздер. 

   Қорытындылай келе кітап әрқашан білімнің таусылмас бұлағы болып қалады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *