Құстар — біздің досымыз

Жармағанбет Мәрзия

Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек.  Осы мақсатта Родина жалпы орта білім беретін мектебінің 0-7 сынып оқушыларының арасында «Әр қараторғайдың ұясы күтеді» атты экологиялық акциясы өтті. Барлық сыныптар құстарды өз достарындай сезініп, оларға ата -аналарымен бірігіп ұя жасап ілді. Біздің сыныпта қалыс қалған жоқ. 1 «А» сыныбынан Байдилда Ерасыл, Турган Қуаныш, Молдабек Сымбат және Қабылов Алижанда өз үлестерін қосты. Сыныпта құстар күніне орай «Құстар — біздің досымыз» атты ашық тәрбие сағатты өтілді. Құстарды қорғайық!

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс — тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *