Құндылықсыз заң

Құндылықсыз заң

Қауіпсіздікті құжат қамтамасыз ететін заманда шекараны шектеу деп білмейтін адамзат үшін азаматтық мәселесі өзекті бүгінде. Заң да, заман да өзгеріп, шимай-шатпаққа айналып кеткендей. Нүктесі қойылмай келе жатқан мәселелер уақыт өткен сайын шешімін таба ма десек, керісінше жаңа проблемалар пайда болып, ушығуда. Нақтырақ айтсақ, өзге елдің азаматтары ҚР азаматтығын алу үшін ойланбайтын да болды. Қалаған кезде алып, қалаған нәрсесін жасай алады. Адам құқығын шектемеу дұрыс-ақ, әрине. Алайды ұлттың құндылықтарын соңғы орынға түсіріп тастау қате тірлік екені айқын.

Әлде бұл Ресейден келген тенденция ма? Ресейде шетелдіктердің азаматтық алуын жеңілдететін федералды заң күшіне енген болатын. Тиісті федералды заңға президент Владимир Путин 2020 жылы 24 сәуірде қол қойған еді. Жаңа заң өз елінің азаматтығынан  бас тартуды талап етпейді. Ресейде ықтиярхаты бар Молдова, Украина, Беларусь және Қазақстан азаматтары елде тұру мерзімін сақтамастан азаматтыққа өтініш бере алады. Еліктеушілік пе? Немесе көршіміздің саяси ықпалы ма? Сұрақ ашық қалсын…

Ал, қазіргі өзгеріп, «кемеліне келген» заң мынадай:

ҚР-ның «ҚР-ның азаматтығы туралы» Заңының 10 бабына сәйкес  азаматтық:

  • тууы бойынша;
  • ҚР-ның азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
  • ҚР-ның халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
  • осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

 «Азаматтық туралы» Заңының 16 бабына сәйкес ҚР-ның азаматтығына:

  • Қазақстан Республикасында кемінде бес жыл тұрақты тұратын адамдар (азаматтық алу туралы өтініш берген кезде, Қазақстан Республикасында тұрудың бес жылдық мерзімі үздіксіз болуы керек) немесе Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрған (кемінде 3 жыл);
  • Бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, жақын туыстарының бірі — Қазақстан Республикасының азаматтары: бала (асырап алынған баланы қоса алғанда), жұбайы (әйелі), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), әпке, ағасы, атасы; немесе әжесі, Қазақстан Республикасында болу мерзіміне қарамастан.

«Азаматтық туралы» Заңның 16-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы жеңілдетілген (тіркеу) тәртіппен қабылданады:

Жеңiлдетiлген тәртiппен (тiркеу тәртiбiмен) Қазақстан Республикасының азаматтығына:

  • тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар;
  • тұру мерзiмiне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын, өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары, сондай-ақ олардың ұрпақтары;
  • Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алатын этникалық қазақтар қабылдануы мүмкiн.

Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) азаматтық алу туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берілгенкүннен бастап үш айдан аспауға тиіс. Қазіргі уақытта жеңілдетілген тәртіп мынадай адамдарға қатысты әрекет етеді:

  • Ресей Федерацисының азаматтары;
  • Беларусь Республикасының азаматтары;
  • Қырғызстан Республикасының азаматтары;
  • ҚР-ның азаматымен некеде тұрған шетелдіктер.

Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұрақты тұруға келетін өз азаматтарына  мынадайшарттардың бiрi болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:

  • егер өтініш беруші Белорус СОР, Қазақ СОР, Қырғыз СОР немесе РСФОР азаматы болып, бір уақытта бұрынғы КСРО азаматтығында болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін азаматтық алатын екiншi Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрып жатса;
  • егер өтiнiш берушi немесе оның ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, атасы немесе әжесi азаматтық алатын Тараптың аумағында туса немесе заңды негiзде тұрақты тұрған болса немесе өтiнiш берушiнiң азаматтық алатын Тараптың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның азаматы болып табылатын ең болмаса бiр жақын туысқаны: ерi (зайыбы), ата-анасының (асырап алушыларының) бiрi, баласы (оның iшiнде асырап алғаны), апасы-қарындасы, ағасы-iнiсi, атасы немесе әжесi, немересi (немере қызы) болған жағдайда
  • ҚР аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және ҚР азаматымен некеде тұрған шетел  азаматшысы

Жеңілдетілген тәртіп азаматтық алатын мемлекет  аумағында тұру мерзiмiне қарамастан басқа мемлекет аумағында тұрақты тұратын аталған мемлекеттердің  азаматтарына қолданылады.

Тілді білмейтін, елдің тарихы мен мәдениетінен бейхабар, тұрақтап та, танып та үлгермен шетелдік азаматтарға азаматтығымызды ала ғой деп бере салу құндылықтарымызды құнсыздандырып жіберді. Құшақ жая қарсы алғанмен, қысым көрсетпей қиыстырып, реттеп алуға болады бұл жағдайды. Әрине, ол үшін заң приоритет ретінде экономика мен саяси тиімділікті емес, ұлттық құндылықтарды тануы тиіс. Қанша дегенімен Конституция Қазақстан республикасының игілігіне, қазақ халқының игілігіне жұмыс жасауы тиіс.

Сыдықбек Мейрамбек

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *