Қызықты математика: Қайталау

Сабақтың тақырыбы:     Қайталау

Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту; 2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

  • Есепті әртүрлі тәсілмен шығару біліктіліктерін меңгерту;

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ — жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық,

деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі –Амандасу

-Тақтадағы сандардың мағынасын табу

2017, 28,50,29-8,2000,17-28

— ендеше, видео көрейік

1-Тау-шаңғы спорты – Өтілгенді қайталау

-Тау шаңғы спорты туралы не білеміз?

— Тау-шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған.  Бұл – слалом, алып слалом, супергигант слаломы,  шапшаң түсу және  таушаңғы қоссайысы.

  • Жеңіске жету үшін не қажет? Жылдамдық. Ендеше, кім жылдам?

Оқушылар парта бойынша бір-бірден тұрып көбейту кестесін, формулалар сұрайды.

Мадақтау

2-Шаңғы жарысы – Үй жұмысын тексеру

  • Бұл спорт туралы не білеміз?

Шаңғы жарысы – белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты.

Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».

  • Жеңіске жету үшін үй жұмысын оқиды

№8-32-бет 1-бағанын бір оқушы, 2-бағанын бір оқушы

3кг = 3000г                    400 кг = 4 ц

4ц = 400 кг                     2 т = 20 ц

40 ц = 4000 кг                3 т = 3000 кг

5 т = 5000 кг                  80 ц = 8 т

Мадақтау

3-Биатлон – Көркем жазу

-Бұл спорт жайлы не білеміз?

-Биатлон шаңғы сайысы мен мылтықтан оқ атуды құрайтын олимпиадалық спорт түрі. Бастапқыда биатлон “әскери патрульдердің жарысы” деп аталды.

— Жеңіске жету үшін, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу тапсырмасын орындаймыз..

1234  1234  1234  1234  1234

Мадақтау

4-Мәнерлеп сырғанау – Оқулықпен жұмыс

  • Бұл спорт жайлы не білеміз?
  • Мәнерлеп сырғанау бес дисциплинаға бөлінеді: ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер арасында жекелей жарыс, жұптасып өнер көрсету, спорттық би және синхронды мәнерлеп сырғанау.

Оқулықпен жұмыс

Есеп 1 оқу, үш оқушы оқиды. 1 оқушы тақтада шығарады.

  • Есеп не туралы?
  • Кітапханаға не әкелінді?
  • Қандай кітаптар? Оқулық және әдеби кітаптар
  • Неше оқулық әкелінді? Әдеби кітап ше?
  • Не белгісіз?
  • Барлық кітапты қалай табамыз?
  • Басқа тәсілмен шешуге бола ма?
  • Екінші тәсілді жазу. Жауабы.

Оқулық – 5 к – 6 б                  ? к

Әдеби к. – 5 к – 4 б

Ш:  5 * 6 + 5 * 4 = 50 (к)   н/е   5 * ( 6+ 4 ) = 50 (к)

Жауабы: барлығы 50 кітап әкелінді.

  • Ал өздерің әдеби кітап оқисыңдар ма?
  • Қандай кітаптар оқыдыңдар?
  • Кітап – білім бұлағы дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Медальмен мадақтау.

Мадақтау

Үйге тапсырма:

1-қатарға – Есеп 2   33-бет

2-қатарға – Мысал 7   33-бет

3-қатарға – Логикалық тапсырма 34-бет

Түсіндіріп өту.

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *