Қызыл телпектің саяхаты

Тельгазиева Фариза Бидилдаевна

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қызыл телпектің» саяхаты

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу. Ойын арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: Қызыл телпекті қыз

Билингвалды компонент: қызыл телпек-красная шапочка, қасқыр-волк

Инновациялық технология: ойын, монтессорий.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Балалар жылулық шеңберіне тұрады.

Табиғат — біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз!

Қане, балалар, қонақтармен сәлемдесейік.

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Қане, балалар, бір-бірімізге мейірім сыйлайықшы. Ол үшін бір-бірімізге қарап күлеміз, енді балалар бір-бірімізге жылулық сыйлайықшы, алақандарымызбен бір-бірімізге жылулық берейік. Балалар, орындарымызға отырайық.

Ұйымдастырушылық-ізденістік:

-Балалар, қазір қай мезгіл?

Балалар: қыс мезгілі

Тәрбиеші: Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: күн аязды болады, қар жауады, мұз қатады.

Тәрбиеші: дұрыс, балалар!

Балалар біз бүгін «Қызыл телпек» ертегісімен танысамыз. Қане, балалар, экранға назар аударамыз. Ертегіні мұқият тыңдаймыз.

Балаларға экрандағы слайд арқылы «Қызыл телпек» ертегісін түсіндіріп беру.

Сөздік жұмыс: «Қызыл телпекті қыз»-балалар қайталайды.

Билингвалды компонент айтқызу: қызыл телпек-красная шапочка, қасқыр-волк. Балалар қайталайды.

Тәрбиеші:

Балалар, тыңдандаршы, біреу есік қағып тұрған сияқты.

Балалар таң қалады.

Осы кезде есік қағып «Қызыл телпек» кіреді.

Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, сәлеметсіздер ме сүйкімді балалар! Мен ертегілер елінен келдім. Әжеме кетіп бара жатып, мына әдемі балабақшаны көрдім. Іші қандай керемет еді. Менің әжем қатты ауырып жатыр. Сол үшін көңіл күйім онша болмай тұр.

Тәрбиеші:

-Балалар, ендеше біз Қызыл телпекпен бірге санамақ айтайық. Мүмкін, көңіл күйі көтеріліп қалар.

Санамақ:

Кел, санайық, санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бас бармағың алғашқы

Балаң үйрек жалғасы

Ортаң терек кезекші

Шылдыр шүмек көмекші,

Шынашағы балапан,

Бәріне ортақ алақан.

Балалар, саусақтарын бүгін санамақты айтып шығады.

Қызыл телпек: Рахмет, сендерге, балалар! Менің көңілім көтеріліп қалды ғой.

(осы кезде қасқыр келеді)

Қасқыр: Қызыл телпек, мен сені жеймін.

-Қасқыр, сен Қызыл телпекті жеме! Ол біздің досымыз. Солай ма, балалар.

Балалар: -иә.

Қасқыр: -Балалар егер менің мына тапсырмамды орындасаңдар Қызыл телпекті жемеймін. Ал енді сендерге тапсырмамды түсіндірейін.

Бұл ойынның аты: «Орнын тап» деп аталады. Мына суреттерге «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлерін мына қыстырғыш арқылы дұрыс қойып шығуларын керек. Ал, кеттік!

Балалар «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлерін қыстырғыш арқылы дұрыс қойып шығады.

Қасқыр: жарайсыңдар, бірақ мен шаршап кеттім. Сендер менің тапсырмамды дұрыс орындап шықтыңдар. Ендеше, бәріміз бірге сергіп алайық.

Сергіту жаттығуы:

Оң қолымды көтерем

Оң қолымды түсірем

Сол қолымды көтерем

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын,

Аяқты топ-топ басамын!

Солға қараймын,

Біраз сергіп алайын!

Қасқыр: Жарайсыңдар, қандай ақылды балаларсындар. Мен сендерге риза болдым. Мен енді Қызыл телпекті жемеймін.

Қызыл телпек: Балалар, сендерге көп рахмет, сендер мені қасқырдан құтқардыңдар. Себебі, сендер маған көмектестіңдер. Мен сендерге алғыс ретінде мына бәліштерді сыйға беремін. Апайларын топта береді.

Себеттегі сыйлықты тәрбиешіге береді.

Қызыл телпек: Мына №19 балабақшасындағы «Еркемай» тобының балалары өте білімді, тәртіпті, айтқан тілді алатын жақсы балалар екен.

Ендеше, мен әжеме жақсы көңіл-күймен барып, оған дәрі беріп келейін. Сау болыңдар менің кішкентай достарым!

Сау болыңыз Қызыл телпек!

Рефлексивті-түзетушілік:

-Балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?

— «Қызыл телпек» ертегісімен.

— Қонаққа кім келді?

— «Қызыл телпек», «Қасқыр» келді.

-« Қызыл телпекке» біз қалай көмектестік?
-Ойын ойнадық, сергіту сәтін жасадық.

-Дұрыс, жарайсыңдар, балалар! Сендердің арқаларында Қызыл телпекті қасқырдан құтқардық. Әжесіне жақсы көңіл күймен баруға көмектестіңдер.

-Балалар, ал сендердің көңіл-күйлерін қандай? Әрқашанда көңілдерін жарқын, аспандарын ашық, жүздерін нұрға толсын! Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын;

Игереді: Кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді;

Меңгереді: ойын арқылы ертегі кейіпкерлерін есте сақтауды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *