Қашықтықтан оқыту қалай жүріп жатыр

Қашықтықтан оқыту қалай жүріп жатыр?
Қазіргі уақытша пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесіне ата-аналар, мұғалім және балалар арасында түсінбеушілікпен әртүрлі пікірлер айтылып жүргені белгілі. Әрине, біз қашықтықтан оқыту жүйесіне аяқасты көштік. Алайда қазір дамыған елдердегі оқыту үрдісінде бұл жүйе бұрыннан қалыптасқан болса керек. Көпшілік халықтың айтуынша, «жүзбе-жүз кездесе отырып оқыту мен қашықтықтан оқытудың білім жүйесіне үлкен айырмашылықтары болады» делінген. Себебі, химия, физика пәндері бойынша орындалатын зертханалық, демонстрациялық жұмыстар өз мәнінде көрсетілмейді.Тіпті , математика пәнінде де кейбір сызба, формулалардың орындалуы, сызбаға тәуелді есептердің шешу жолдары, оқушыларға қиынырақ соғуы мүмкін. Дегенмен кашықтықтан оқыту жүйесі қазіргі автоматтандыру- ақпараттандыру кезеңінде заман ағымына сай болып қалыптасуы кажет. Қашықтықтан оқытудың кең тараған түрлері теледидар арқылы өтетін бейне сабақтар, телекоммуникациялық желі, видеоконференция, онлайн-сабақ, интернет желісі т.б. мүмкіндіктер бар.Теледидардан берілетін «Онлайн мектеп» сабақтарының тиімділігі- оларды қайта көшіріп тыңдауға болады. Сондықтан сабақ уақытында мүмкіндігі болмаған оқушы үшін өте қолайлы. Түсінбеген сұрақтарының мәтініне қайталау арқылы жұмыс жасауға да қайталап қарауда мол мүмкіндік бар.
Бұл жүйенің тиімсіз жақтары да баршылық. Кейбір интернет желісі қосылмаған жанұяларға қолайсыздау болады. Мұндай жағдайда ұстаздардың сол күнгі сабақтарды «WhatsApp» арқылы оқушыларына жүктеп беруге тура келеді. Кейбір оқушылар өздерінің ұстаздарының сабақты түсіндіру мақамына сәйкестендіре алмауы. Қашықтықтан оқытудың жағымды қыры -дәстүрлі оқыту орталарына қарағанда жаңа электрондық технология оқушыны оқу процесіне белсенді қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар осы процесті басқаруды үйретеді. Яғни мұғалім мен оқушының қашықтық қарым-қатынасымен олардың АКТ-ны қолдану сауаттылығы артады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданылатын бағдарламалар мен ақпаратты жеткізу мүмкіндіктері, көптеген дәстүрлі оқу барысында мүмкін болмайтын кері байланыстарды орнатады, ортаға қалыптаспаған оқшауланып жүретін балалармен кері байланыс жасауда күтпеген жағдайлар мен әсерлерге тоғысасың. Қашықтықтан оқытудың әсерлі болуы оқушылар мен бірге интернетпен жұмыс істейтін мұғалімдерге тікелей байланысты. Мысалы,дәстүрлі мектеп қабырғасында өз құрбы-құрдастары мен сыныптастарының арасында белсене сабақ үдерісіне қатыспайтын оқушылар үшін үлкен мүмкіндік болып көрінді. Олар өз үйлерінде өздерін еркін сезініп ,мұғаліммен екеуі ғана тілдесіп оңаша отырғандай күй кешеді. Егер сіз оқушынызға орындаған тапсырмасы дұрыс екенін хабарласаныз, онда ол баланың бойында өзіне деген сенімділік күшейе түскендігін байқайсыз. Бір екі рет осындай қуанышқа бөленген шәкіртініз сізден ұлылықтың ұлағатын көргендей, достарының арасында шығып еркін дискуссия құра бастағанын сезесіз. Сіз де іштей қуанып баланың орындаған жұмыстарына оған қуаныш сыйлайтындай смайликтер жібересіз. Сонда бұрын қабілетін танытпаған оқушыңыздың ерекше озіне сенімділігін оятқаныңызды байқайсыз. Кейбір сыныптың алдында сабақ барысында үлгілі болып жүрген бала үшін қашықтықтан оқыту алғашында алаңдаушылыққа тірегені де рас. Ондай оқушылар жалғыздық аудиториясында өздерін қолайсыз сезінгендері де болды. Алғашында қорқасоқтап, ойларын жинақтай алмай, қысылғандары да табылды. Бұндай жағдайға бейімдеу үшін ең бірінші балаға сабақ беріп, білім үйреткеннен гөрі, сізбен қалай байланыс жасау керектігін, ойын терең жеткізу мен мақсатқа ұмтылу және қиындықтың шекарасынан қалай қарғып өту жолдарын үйреткен абзал. Яғни оқушы өзіне қолайлы аудиторияны таңдау мүмкіндігі бар, тапсырма жауабын жекеге не ортақ группаға да жібере алады.
Қашықтықтан оқыту барысында оқушының нақты білімін де бағалау да оңайға соқпады. «Талаптанса тау аласа»,-демей ме дана халқым. Бәрін де игеруге болады екен. Интернет желісінде «classroom» ұйымдастырып, тіпті қарапайым «WhatsApp Мessenger» жүйеде видео әдісімен бірнеше оқушыны қатар қосып бір—біріне сұрақ қойғызып, әртүрлі жаңартылған оқу бағдарламасымен «ыстық орындық» тәсілі немесе бүгінгі өтілген тақырып бойынша «ой толғау» тіпті болмаса тақырып бойынша «таныс термин» ,»таныс емес терминдер» , «бұрыннан білемін»деген сияқты әдіс- тәсілдерді де еркін қолдана аласыз екен. Қашықтықтан тапсырмалардың дұрыстығына көз жеткізген оқушыларыма сыныптағы басқа оқушылардың жұмыстарын жіберіп тексертуді үйреттім. Олар да өз жұмыстарының нәтижесін мақтанарлықтай орындағанына сенімді алға басушылықтың нәтижесін көрсетіп келеді. Осылай оқушылар өзара бірін-бірі бағалап, бір-бірінің тапсырмасына кері байланыс арқылы түзетулер еңгізе алатынымен сабақ барысы қызықты өтетін болды. Бұл қуаныштарымызды ата-аналармен бірге бөлісеміз. Балалар өздерінің күнделікті қолдарындағы смартфондарымен тек бір-бірімен сөйлесу немесе ойын ойнау дағдыларынан құтылып, белгілі бір білімалу жүйесіндегі мақсатты пайдалану жүйесіне көшкен тәрізді.
Қашықтықтан оқытудағы өзгерістер- математикалық символдарды салу, бөлшекті өрнектерді түрлендіріп жазу, геометриялық сызбаларды геогебралық платформаларды пайдалануға машықтанып келеді. Иә, «бір күрделі істің де оңай шешімі болады» дегені осы шығар. Қашықтықтан оқытуға, кері байланыс жасаудың түрлерін ұйымдастыруда, топтық және жұптық жұмыстар орындауда да аз болса да мардымды жұмыс жүргізіп келемін. Бұл оқу жүйесі де шыңыраудан терең, ұшпа құз емес екен. Өзім сабақ беретін сыныптардың арасындағы қашықтықтан оқытудың әсерін білуге осы оқу жүйесі барысында анкеталық жұмыс та алып көрдім. Мақсатым- «қолдаушылар» , «қалыс қалушылар» , «қаламайтындар» көрсеткіші арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінің деңгейін білу, оқушылардың заман талабына сай өзгеріске қаншалықты дайын екенін бақылау еді. Сондағы маған ұсынылған жауап суреті мынадай : ,»қолдаушылар»-64℅ «қалыс қалушылар»-15℅ , «қаламайтындар» -21℅.

Қорытындыма сүйене отырып алғашында қорыққанымыз бен «қорыққанға қос көрінер» .»алынбайтын тау болмас» ,»талаптыға нұр жауар» дегендей, адам баласының еңсеретін белсенді белесі көп екенін түсіндім. Қиындығы мен қызығы мол математиканың болашақты бағындыратынына көзім жеткендей болды. Қашықтықтан оқытудың жеңісі мен жемісі де тәжірибемен , ерінбеген еңбектің, үлкен ізденіс пен талаптың құнды бағамы.
Мұғалім қай уақытта да қоғамның зиялы қауымын тәрбиелеп, біліммен сусындатып отыратын көшбасшы тұлға. Сондықтан да мен өз қызметімде қоғамдағы мәселені шешуге ықпал жасауым керек деп, алдымдағы оқушылардың заманауи білімалу дағдыларының қалыптасып, бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасуын қадағалауды ұстаздық міндетім деп, әрекет етуді қолдаймын. Осындай кезеңде ұжымдық қолдау мен білім басқармасының да, басшылықтың да көмекке, қашықтықтан білімалу жүйесін іске асыруға ықпал жасап отырғаны да ортақ мәселені шешуге ықпалдырақ болды.

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «IT мектеп-лицей» жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Ергарина Танаткан Салыкбаевна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *