Қазіргі заманғы дербес компьютерлер (ДК) мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері.

Сабақтың тақырыбы:  Қазіргі заманғы дербес компьютерлер (ДК) мен оның құрамдас бөліктерінің түрлері.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: Дербес компьютерлер,  дербес компьютердің даму тарихымен , дербес компьютерді жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке  баулу, жүйелікке , еңбекке,  іскерлікке ,  ұқыптылыққа,  дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін,компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау.

Сабақтың  түрі:  Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, слайдтар, таратпалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1.     Логика дегеніміз не?

2.     Ықтималдық , математикалық логика дегеніміз не?

3.     Және, немесе, емес, схемаларының ақиқаттық кестесін көрсет?

4.     Конъюнкция, Дизъюнкция дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

   Есептеу құрылғылары мен аспаптарының тарихы өте көне заманда жатыр.Есептеу құрылғылары пайда болудан бұрын адамдар әр түрлі есептеу аспаптарын пайдаланған. Бұл аспаптар ретінде қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды алуға болады.

    Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады.Есепшоттың пайда болған мерзімін осы кезге дейін ешкім айта алмайды.

     1975 жылы АҚШ-та тұңғыш дербес  компьютердің көптеп шығарылуы адамзат қызметінің барлық саласында төңкеріс жасаған еді. Алғашқы ДК жеке тараптардан электронды есептеуіш машиналарын құрастыру мүмкіндігін  қамтамасыз ететін электронды блоктар түрінде құрылды. 1981 жылдан бастап модульді-блокты құрылымы бар ДК шығарыла бастады.

     Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.

     Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина. IBM PC және  Macintosh дербес компьютерлерінің көлемі шағын, ең танымал және кең тараған.

    ДК-дің минимум тізіміне мыналар жатады:

1)    Жүйелік блок

2)    Монитор

3)    Клавиатура.

Тасымал компьютерлер –  жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. ТК- лербатареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады. Тасымал компьютерлердің дербес компьютерлерден айырмашылығы оның микропроцессоры, экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер – оны жиң жеке сандық көмекші деп атайды.Олар батареямен қоректенеді және тасымал компьютеріне қарағанда өте ықшам болады. Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты болмаса да, оны телефон нөмірлерін, мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Микропроцессор – компьютерді басқару құралы. Компьютердің жылдамдығы процессордың бір секундта  орындайтын амалдар санымен анықталады. Процессор құрамына мына құралдар енеді:

·        басқару құрылғысы;

·        арифметикалық-логикалық құрылғы;

·        процессор жадысының регистры.

Басқару құрылғысы компьютердің барлық құрылғыларының жұмыстарын мынадай программа бойынша басқарады:

·        жадыдан программаның  кезекті командасын және барлық амалға қатысатын сандарды шақырады;

·        оларды арифметикалық-логикалық құрылғыларға бағыттап, алынған нәтижені жадыға жібереді.

Арифметикалық-логикалық құрылғы мәліметтерді өңдеуге арналған.

Регистрлер (Реттеуші тетік) – бұл процессордыңішіндегі жады ұяшығы.

Жылдам жады – бұл ақпаратты уақытша сақтауға арналған құрылғы.

Қатқыл дискілер – бұл ЭЕМ-ында ақпараттарды, программаны және мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы.

Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы. Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.

Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.

Компакт-дискі. CD-R/RW,  DVD-R/RW— алтын түсті (R- recordable – жазатын, RW— ReWritable – қайта жазу) болып келеді.  CD-R,  DVD-R- ге  ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал  CD-RW,  DVD-RW- дискілеріне көп рет жазуға болады.

Флеш-жады —  бұл энергияға  тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларды жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі.

IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.     Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?

2.     Процессор дегеніміз не?

3.     Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?

4.     Мониторлардың қандай типтері бар?

5.     Принтерлердің негізгі түрлері қандай?

Үйге тапсырма: Қазіргі заманғы дербес компьютерлер оның құрамдас бөліктерінің түрлері.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау бағалау.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *