Қазақ баспасөзінің тарихы

Тамыры тереңге жайылған тарихымызды тәуелсіздік алған жылдарға дейін бұрмаланған нүсқада оқып келгеніміз бәрімізге аян. халықтың жағдайын ашық баяндауға тырысқандарлың тағдыры тартысқа толы болып көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Сондықтан баспа беттерінде халықтың жағдайы толыұ әрі ашық түрде баяндалмады. Әрине бұл болған жайтқа сол кездегі күрделі саясат ықпал етті. Десек те, халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап шығар азаматтардың қолдары жіпсіз байланғаны қынжылтады.

Публицистердің мақалалары басылым беттеріне бүркеншік атпен жжарияланып жүрді. 1917-1919 жылдар аралығындағы қара халықтың тыныс-тіршілігі газет-журналдарда ашық түрде жарияланбаса да сол заманның көптеген ақын-жазушылары өз шығармаларына арқау етті. Мысалы Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуіндегі»  Мәліметтерге қарасақ сол азамат соғысы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңді жеткізетін «Тіршілік» газетінде саяси тағырыптар көптеп қозғалды. Бұдан әрі «Қазақ мұңы»,  «Заря свободы», «Жетісу ісші халық мұһбірі»,  «Көмек»,  «Голос семиречья»,  «Правда»,  «Ұшқын» сынды газеттер бірінен соң бірі шығып, елдің жағдайын жариялай бастады. Алайда, халықтың жағдайы басылымға шыұұан мақалаллар арқылы шешіле қоймады. Газеттерді шығаруға қаражаттың жетіспеушілігі де кездесті. Оларды жариялау үшін демеушілер тауып, халыққа тегін таратылғандары да болды. Нақтырақ айтсам, «Көмек» газетінің алғашөы нөмірі (1500 дана) халыққа тегін таратылды. Бұл гащзет бұрынғыларына қарағанда идеалогиясы жоғары және анағұрлым сапалы болды. Басылымдар тек қазақ тілінде емес, тарат, ұйғыр тілдерінде де шығғарылып тұрды. Кейін келе «Ұшқын» атты жаңа гает ел арасында жарияланды. Жоғарыда аталған екі газет біртектес болды. Қандайда бір маңызды мақалалар екі газетте де бірдей жарияланып отырды. Бұл газеттерде негізінен ауыл шаруашылығы мен өндіріс туралы тақырыптар көтерілді. Зер салып қаррасақ гезтеррдің ізін суытпай бірінен соң бірі шығып отырғанын байқаймыз. демек, газеттер бір-бірінің жалғасы ретінде шығарылған.

Халқымыз көптеген қиындыққа ұшыраса да жазуын ешқашан тоқтатпаған. Бұның барлығы ұлтымыздың сауаттылығы мен саналы ұрпақтың өсіп-жетілуі үшін жасалған ерлік. Қараңғы қазақтың көзін ашып маңызды мәселелерді көтере білген публицистердің аты ешқашан өшпейді. Бұл тұлғалар өз жазбаларының арқысында ұрпаққа өз қолтаңбаларын қалдыра алды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *