Қазақтың көзін ашқан-“Торғай” газеті Жеңісбекқызы Аягөз

Қазақтың көзін ашқан Торғай газеті.

 Қазақтың маңдайына біткен газеттің ішіндегі қарымтасы қалың  газеттің бірі “Торғай “гезеті болған еді.

«Торғай» газеті көпшілікке пайдалы материалдарды араб әріптерімен қазақ тілінде жиі жариялап,халыққа пайдасын тигізді.Мысалы, эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілері туралы материалдар жарық көрді.

Көрнекті ақын Ғафу Қайырбеков : «Торғай қазақтың ленинграды» деп айтқан екен.

Меніңше,ақын бұл сөздерді бекер айтпаса керек.

1869 жылы қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствосына қарайтын территория қайта құрылған болатын.Бұл жер Торғай облысы деп аталып, құрылымына 4 уезд, 28 болысқа қарайтын облыс болған. 1879 жылы Орынборда облыстық басқарманың газет столы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылы бұған қосымша ретінде «Тургайская газета» деген атпен ресми емес бөлімі 15 жылдай шығып тұрды. Онда Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсариннің еңбектері жарық көрді.Материалдар қазақ және араб әріптерімен жиі-жиі қазақ тілінде беріліп отырды. Жалпы, таза қазақ тіліндегі материалдар жариялау осы «Тургайская газетадан» бастау алған. Сыни мақалалар, фельетондар, ауыз әдебиеті үлгілері жарық көрген.

Торғай облыстық басқарма газет столының бастығы Ә. Балғымбаев болды. Ол өзі де мақалалар жариялап тұрған. Сондай-ақ қазақ тілінде шыққан материалды орысша газеттерге де аударып отырған. Оның публицистік қызметі «Торғай газетінің» 1895 жылы 45 нөмірінде «Қарабұт-ғы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан басталады. Газеттегі қызметінен бөлек Балғынбаев «Торғай облыстық ведосмотарының» редакторы қызметін атқарды. Ол көбінесе өлкентанушылық  мақалалар жазған.

Қазақтың бұрынғы кезде шыққан газет-журналдарының қай-қайсысы болмасын берген рухани байлығы мол болды.

Қара халықтың мұңын мұңдап,әлеуметтік,материалдық жағынан күйзелістерін бүкпей жазған Алаш азаматтарының есімі мәңгі жадымыздан өшпейді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *