Қазақстан жалауы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім саласы: әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Оқу қызметінің тақырыбы: Қазақстан жалауы
Мақсаты:
Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту.
Қазақстан жалауына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
Сұрақтарға толық жауап беруді, өз ойларын айта білуге үйрету.
Сөздік жұмыс: Жалау-флаг
Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ – жауап,түсіндіру
Қажетті көрнекіліктер: Қазақстан жалауының суреті, жалау

Оқу қызметтің кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жыр!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым

.
Күнді көрсетеді
Көк аспанды көрсетеді
Жанындағы досын көрсетеді
Бір- бірінің қолын ұстайды
Ұйымдастыру ізденіс Арайлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.балалар сендер қай ұлтқа жатасыңдар?
.
Балалар сендер қай тілде сөйлейсіңдер?
Балалар біздер туған жерді Отанымызды құрметтеп сыйлаумыз керек.
Кім Отан, туралы тақпақтар біледі?

Енді бүгін біз «Қазақстан жалауымен» танысамыз.
Балалар, жалаудың түсі қандай?
Жалаудың ортасыңда не бар?
Күннің ортасында не бар?
Жалаудың шетінде қазақ оюы бар. «Қазақстан жалауы» туралы тақпақ кім біледі?

Сергіту сәті.

Қазақ ұлты

Қазақ тілінде.

Бекзат: Отан- анам
Отан-әкем
Осы сөзім қате мекен
Қате болса неге біздер,
Дейміз оны атамекен
Даулет: Отанды біз Атамекен,
Деп аялап атаймыз
Өткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атаймыз
Мансұр: Отан деген –атамекен
Отан-деген – туған жер
Отан-ана
Отан –үлкен
Қазақстан – туған жер
Сания: Отан туған үйіміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз
Балалар, бәрің тақпақты жақсы айттыңдар.

Көк.
Күн.
Қыран құс

Жібек: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы
Сергіту сәті: Ал балалар тұрайық,
Оңға қарай қарайық
Солға қарай қарайық
Бір отырып, бір тұрып

Рефлексті түзетуші Дидақтикалық ойын: «Кім білгіш?»
Жалаудың түсі қандай?
Біз қайда тұрамыз?
Гимн айтылады.
Мадақтау.
Көк.
Қазақстанда.
Гимн айтылады.

.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *