Қазақстанның табиғаты

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты» 
Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздер
ді  қолдана отырып, білімдерін кеңейту. Талдау жұмыстары арқылы қызығушылық қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту. 
Өз ойын нақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: табиғатты аялауға, әрқашан қорғаушы болуға, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың көрнекілігі: табиғат туралы бейнефильм 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ми шабылуы, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмс, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

-сәлемдесу

 

Кезекшімен сұхбат

 

Псих.ахуал. тілек айтады. Топқа бөлу

 

-ү/т тексеру

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

Сабақтың жоспарын айту 

 

Интерактивтік тақта арқылы бейнефильм көрсетіледі
— Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (табиғат туралы) 
— Иә, дұрыс айтасыңдар. Бейнефильмде еліміздің табиғаты туралы. 
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты» Оқушылардан саб.мақс. сұрау
Интерактивтік тақтадан сабақтың мақсатын айту 
— Бейнефильм көргеннен кейін қандай сөз тіркестерін құрауға болады?

 

 (таза ауа, мөлдір су, гүлденген ағаштар, биік таулар, ұшқан құс, жасыл шөп)  

 

-балалар ал табиғат туралы не білеміз. (тақпақ, мақал айтады)

 

Барлық оқушыларға бағалау парақтары беріледі 
— Бүгінгі тақырып бойынша жаңа сөздермен танысайық.
Сөздік жұмыс. 
шың – вершина 
                       жазық – равнина 
үлес – доля 
                               қазына – богатство 

 

Тау – гора

 

Құс – птица

 

Ауа — воздух
-Енді, балалар осы жаңа сөздермен сөйлем құрастырайық.
ІІІ. Топтық жұмыс. І топ: жоспар құрайды.

 

                                  ІІ топ: мазмұндайды.

 

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

 

                                          Табиғатты қорғандар. 
Табиғат – халық қазынасы. Біз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз керек. 1966 жылы біздің елімізде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсімдіктерді қамқорлыққа алып, арнайы кітапқа тіркеу. Бұл кітапты «Қызыл кітап» дейді. Оның қызыл, сары түсті парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсімдіктер жазылады. 

 

 

Жеке жұмыс

 

2-тапсырма. І топ: «Табиғат» ІІ топ: «Қазына» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

 

Дәптерлерін алмастырып бір-бірін тексереді.

 

Сергіту сәті

 

Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс

 

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жазыңдар.

 

1.     Жан-жануарлар…   мен өсімдік…  дүниесі.

 

2.     Құс…  сайрап, көбелек…  ұшып, гүл…   гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыз…   табиғатын қорғауымыз керек.

 

3.     Табиғат…      ар-ұжданы таза, саналы адам…   ғана қорғай алады.

 

4.     Орман…  мен өсімдік…,  жануар…  мен аң-құстар…  қорғап сақтайтын қорық көп.

 

Жүгірме диктант

 

Топпен жұмыс

 

4-тапсырма. «Орман», «Халық» сөздерін септеу

 

А.с.орман, халық

 

І.с.орманның, халықтың

 

Б.с.орманға, халыққа

 

Т.с.орманды, халықты

 

Ж.с.орманда, халықта

 

Ш.с.орманнан, халықтан

 

К.с.орманман, халықпен

 

«Иә, жоқ» ойыны

 

1.     Табиғат тірі дүние

 

2.     Біз табиғатқа қамқорлық жасап тұрамыз

 

3.     Орман ауаны тазартпайды

 

4.     Өсімдік жақсы өссе, адам да жақсы өмір сүреді

 

5.     Табиғатқа келтірген зиян-өзімізге жасаған қастандығымыз

 

6.     Орман –тоғайды, бақтарды күл-қоқыстан тазалаймыз

 

Жақсы, жарайсыңдар.

 

ІV.Бекіту: І топ: табғат сөзіне  бес жолды өлең құрайды

 

                  ІІ топ: кластер жасайды

 

V. Қорытынды: — бүгінгі сабақта нені білдік?

 

VI. Үй жұмысы: табиғат тақырыбына шағын эссе жазу.
Бағалау парақтарды жинау 

 

Бағалау: оқушылардың білімін бағалау 
Рефлексия. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді смайликтерге стикерлерді жапсыру арқылы көрсетіңдер. 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *