Қазақстанмен шекарада ақша бопсалаған. Қырғызстанда ҰҚТ мүшелерінің туыстары ұсталды

Қырғызстан МҰҚК Қазақстанмен шекарада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жақын туыстарын ұстады.

Ведомство мәліметінше, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде трансұлттық қылмыстық топ Қырғызстанда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалау және өндіру үшін тұрақты қылмыстық схема ұйымдастырған.

Қылмыстық схемаға қатысы бар жоғары лауазымды тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
«Қазір Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы «Экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қырғызстан азаматтары М.О.Р. мен С.У.Т. ұсталды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Камчы Колбаев жойылғаннан кейін соңғы бірнеше күнде Қырғызстанда оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін тұтқындау шаралары жалғасып жатыр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *