Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасы

Ғұн мемлекеті жақсы ұйымдастырылған әскерлері мен жеңіске толы шайқастарының арқасында танымал болды. Ғұндардың ер азаматтарының барлығы қатардағы жауынгер саналған. Олар жаугершілік заманда қолдарына қаруларын алып, елін жаудан қорғауға аттанған. Ғұн әскерінің негізін атты әскерлер құраған. Ғұндар соғыста қолға түскен тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ғұндардың басшысы Мөде әскери-саяси қуаты басым Хань әулетінжеңіп, оларды салық төлеуге міндеттейді. Шығыста Керулен мен Онон алқаптарындағы «шығыс ху» тайпаларын бағындырады. Батыста юечжи тайпаларын шабуылдайды. Нәтижесінде юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына қарай жылжиды. Сыма Цянь «Тарихи жазбалары» кітабында юечжилердің толық талқандалғаны туралы дерек қалдырған.
Үйсіндер де біршама уақыт ғұндарға саяси тәуелді болған. Қытай жазбаларында ғұндарды 36-ға жуық көрші ұлыстарды бағындырғаны айтылады. Ал ғұндардың құйындай шапқан атты әскерлерінің тегеурінінен сескенген Қытай императоры б.з.б. III ғасырда Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *