Эссе. Жеңіске 75 жыл

Ұлы жеңіске – 75жыл!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Қазіргі таңдағы әлем сахнасында ойып тұрар өз орны бар қай елді алып қарасақ та,  өзіндік тың тарихы, ұмытылмас қиыншылығы бар. Оны әсте ешкім ұмыта қоймас. Дәл сондай қазақ халқының  аспанынан да қара бұлттай үйірілген ауыр күндер өтті. Дегенмен де елім деп  еңіреген қазақтың хас батырларының арқасында бар ауыртпашылықты еңсердік. Аңталаған жауға еңсемізді түсіріп, жерімізге қол сұғып, көп ғасырлық  мәдениетіміз бен дәстүрімізді ұрлауға жол бермеді. Сол күрес жолындағы ең үлкен қадамның бірі –  аталарымыздың Ұлы Отан соғысында жеріміз, еліміз үшін деп  жан аямай жан беріскендігінде.  4жылға созылған сұрапыл соғыс елімізді қажытып, титықтатқанымен, жұдырықтай жұмыла келе жеңіс төрінен көрініп, азаттық таңына деген үлкен әрі бірегей қадам жасады. Ол жеңістен бері де міне 75жыл да өтті. Дегенмен де әлі күнге дейін соғыстың ащы дәмін татқан ардагерлерімізбен бірге жеңіс алауын бірге жағып келеміз. Олардың көзі көрген сұм заман көрінісін санамызбен ұғынып, ата-бабаларымыздың көрген қиыншылығы мен  азабын аса бағалап, зор құрметпен қараймыз. Батырлар әңгімесін өнеге тұтып, нағыз патриотизмнің не екенін шын ұққандай боламыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *