Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Атақты жазушы Тахауи Ахтанов атамыз 1923жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында дүниеге келген.Жазушы толыққанды отбасында туылған. Әкесінің аты-Ақтан,анасы -Дәйілхан. Сондай-ақ оның Сапа есімді жалғыз бауыры болды. Тахауи атамыз бала кезінен зерек,ақылды және саналы болған. Естіген нәрсесін сол сәтте есте сақтап алатындай дәрежеде болған. Сонымен қатар өлең,шығарма,поэзияларды сүйіп оқып,тыңдайтын.
Тахауи Ақтанов 1940 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік институтына оқуға түседі. Ол өзіне жат қалаға,ортаға келсе де қарым-қатынасты жақсы құратын және жүзі жылы,ашық-жарқын,әрқашан көмек қолын созуға дайын кісі болатын. Тахауи атамыз екінші курс оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Оның өлең,шығармаларының бастауы осы әскерде жүрген кезде майдан газеттерінің беттерінде жарияланады. Жазушы шығармалары адамды тазалыққа,әділдікке,тәртіпке үйрететіні белгілі. “Менің бір іштен шүкіршілік ететінім-осы қасиеттер. Менің өзімнің де,майдандас тұлғаластарымның да басында қалып қойды ғой деймін,”-деп еске алады.
Ақын сондай сұрапыл тағдыр кешсе де еш мойымайды және сондай бір артындағы қандастарына тәрбиелік мәні зор өшпес мұра қалдырды. Ақынның тек қана шығарамаларынан емес өзінің өмірінен де аларымыз жетерлік. Әсіресе ер-азаматтарға үлгі болатын тұлға. Еш қорықпастан өз басын ойламай соғысқа аттанды. Қазақта “Нағыз ер-сын сағатта еліне қол ұшын созған адам,”-дейтін сөз бар. Жазушының өзі өлсе де,туындылары,өнері әлі өлмейді және әлі күнге дейін ел есінде сақтаулы.

Жолдасбай Жолдыбаев
10 сынып оқушысы
М.Тәжин ЖОББМ
Мөңке би ауылы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *