Шынайы мектеп өмірі

Білімнің сара жолы мектептен басталады. Мектеп — білім ошағы. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін  жалғастыра отырып өмірден өз орындарын таба алады.Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты.Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп,  рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Мектеп — біздің екінші үйіміз.Мектеп білім беріп қана қоймай, бізге үлкен тәлім — тәрбие, саналы өмір, болашаққа жол сілтейді.Мектебімізді Табаракова Балжан апай  басшылық жасайды. Ұстаздар  оқушылардың білімді де, саналы болуып қалыптасуына  өз үлестерін қосуда. Ұстаз — мектептің жүрегі,ал оқушы — мектептің шуағы.Әр ұстаз оқушы үшін үлкен тұлға, жүрек жылуын сыйлар, қиыншылықта қамқоршы болар тұлға.Сондай мақтан тұтар шәкірттеріміз көп.Олар Қазақстанның әр қаласында жоғары біліммен жалғастыруда.Қытай халық Республикасында бір оқушымыз Абылай Бейбарыс білім алуда.

Опорный орта мектебі КММ 1980 жылы 1 қыркүйекте салынып пайдаланылуға берілді. Мектептің міндеті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердегі қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру. Материалдық техникалық базасы: оқу кабениеттері-25, АКТ залы-1, Спорт залы-1, Медициналық кабинет-1, Спорт алаңы-1, Компьютер кабинеті-2, Лингафон кабинеті-1, Кітапхана, Асхана, Шеберхана бар.Оқушылардың терең білім алуына мүмкіндіктер жаратылған.Спортпен шұғылдану үшін де оларға тәжірибелі мұғалімдер сабақ беріп әр түрлі спорт секцияларында дайындайды.Мектебіміз оқушылары әр түрлі спорт сайыстарына қатысып жүлделі орындар иеледі. Сондай-ақ мектепте «Жас өркен» оқушылар ғылыми қоғамы жұмыс жасайды.Жас ғалымдарымыз Айтжанов Рамазан,Анесова Марфуға,Шаппабекқызы Аружан облыс көлемінде жүлделі орындарды иеледі.Мектебіміз оушыларымен қатар ұстаздарда өз білімдерімен сайысқа түсіп пән олимпиадаларында аудан бойынша 1-ші орын,облыс көлемінде 2-3 орынды иелеп жүрген ұстаздарымыз көп.

Әр шәкірт өзінің алтын ұя мектебінен білім мен тәрбие алып үлкен өмірге қадам басуда. Олардың бойында  үлкен өмірге, болашаққа деген құштарлық бар. Олар мектеппен қоштасарда өздерінің балалық шақтарының артта қалып бара жатқандарын сезіп, қимастықпен қоштасады. Олар  мектеп кезіндегі қызығы мен қиыншылығы мол кезеңдерді, сыныптастарымен өткен естен кетпес сәттерді ұмытпайды.Мектеп бітіруші түлектер өз ерекшеліктерімен дараланып ұстаз есінде мәңгі сақталып қалады. Менде келешек Қазақстанның азаматы мен азаматшаларын даярлау үшін мектебіміз жаңа үлгіде компьютерленген кабинаттермен, интерактивті тақталармен т.б. құралдармен жабдықталған. Мектеп — өмір айнасы дегендей мектебіміз, үлкен, кең, таза әрі жылы ұя.Мектеп іші әдемі гүлдер мен түрлі суреттермен безендірілген. Мектебіміздің арнайы жасақталған бұрышында мектеп мақтаныштарының суреттері мен арнайы сайыстарда алған мақтау қағаздары жарияланған. Ұстаздар еңбегін,оқушы жетістігін  бағалауда үлкен мақтаныш.Мен өзімнің мектебімді құрметтеймін, мақтаныш тұтамын.Мектеп менің екінші үйім әрі керегесі кең, шаңырағы биік,босағасы берік, ауыл мақтанышына айналған  білім ошағы.Мен өз мектебіммен мақтанамын!!!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *