«Шаңырақ» Ф.Оңғарсынова

Күні: Сынып: 4       Сабақ: 2 Басталуы: 10 00 – 10 45  

 

 

Өткізетін мұғалім:

 

Бастауыш сынып мұғалімі Калиева А.Т

 

Сабақтың тақырыбы:

Ф.Оңғарсынова  « Шаңырақ »

 

 

 

Жалпы мақсаты

 

Ақын өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өлеңнің негізгі ойын табуға жетелеу және шаңырақ туралы «Отан»,  «отбасы» сөздерімен байланыстыра отырып,түсінік беру, оқушыларды көркем тілде сөйлеуге төселдіру.
 

Оқу  нәтижесі:

 

 

Отанға сүйіспеншілікке, ерлікке, батырлыққа тәрбиеленеді.

 

Түйінді  идеялар

 

 

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді.Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.
 

Тапсырмалар

 

Диалог оқыту ,сурет салдыру, топпен жұмыс

                               Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Мұғалімнің іс әрекеті:

/Оқушылармен сабаққа дайындау/

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай тұрамын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейіріммен

Өздеріңе ұсынамын шын көңілмен.

/Сабақтарына сәттілік тілей отырып күнді оқушыларға ұсыну/

Шаттық шеңбері

Оқушылардың іс әрекеті

Армысың,асыл күн!

Армысың,Асыл жыр!

Армысың,көк аспан!

Армысың,жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне,менің қолым!

/Оқушылар бір – бірінің қолдарынан ұстап,  бүгінгі күндеріне шын жүректен  сәттілік тілейді

— Бүгінгі сабақта мен саған бестік баға тілеймін

— Бүгінгі сабақта мен саған ұшқыр ой тілеймін

-Бүгінгі сабақта мен саған сәттілік тілеймін

-Бүгінгі сабақта мен саған шапшаңдық тілеймін т.б /

-Топқа бөлу:

/Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу/

1-топ  « ОТАН»

2-топ  « ШАҢЫРАҚ»

/Топтағы оқушылар топ басшысын сайлайды, бағалау парақшалары таратылады/

Балалар,сіздерге өткен сабақта үйге не берілді?

Сұлтан Қалиұлының «Солдат хаты» өлеңін мәнерлеп оқу.

/Оқушыларға тізбектете оқыту /

Өткен тақырып бойынша  сұрақтар қою:

Немересі  әжейдің көңіл күйі қалай суреттелген?

Хат танымайтын әжесін немересі қалай жұбатты?

Балалның әскердегі ағасы келгенде отбасында қандай « шындықтың» беті ашылды?

Баланың отбасындағы дәстүрі мен сыйластығына баға беріп көрейік.

« Ел қорғаны болу – борышым » тақырыптық сурет салу

—          Әскерге ер адамдар неге барады?

—          Елін . жерін қорғауға дайындық жасауға

Ондай болса  «Ел қорғайтын сарбаздар» әні орындап көрейік.

Иә, балалар, біз әрқашан намысымызды жерге таптатпай Отанымызды қорғап, халқымыздың алдындағы басты борышымызды ақтауымыз керек. Отанымызды сүюіміз керек.

Психологиялық дайындық:

— «ОТАН  отбасынан басталады»

/ әр баладан осы мақалды қалай түсінетіні жайында сұрау/

-Балалар, мақалымыз не туралы екен?

-«ОТАН» туралы

— Ондай болатын болса  мақалдың мағынасын қалай түсінетіндеріңді  ортаға сала отырып, «Отан деген не?» деген сұрақтың жауабын адыларыңдағы постерге түсірсеңдер. Өз ойларыңды айта кетсеңдер.

/ОТАН — ата-ана мен бауырларың, туып өскен жерің, сол сияқты жақындарың! Отан осылар! Өзіміздің  көптеген арман-мақсаттарымызды жүзеге асыруымыз үшін Отанымыздың амандығын тілеуіміз керек! Отанымның көркеюіне болашақта зор үлес қосар жастар сіздерсіздер, Отанды құрметтеу керек./

-Ал, енді тағы Отан туралы мақал білесіңдер ме?

-Бүгінгі сабақта оқулығымыздың 156-157 беттерімен жұмыс жасаймыз. Ф.Оңғарсынованың «Шаңырақ» өлеңімен таныс боламыз.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова 1939 жылы   5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. Фариза Оңғарсынова  қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты  болған.

 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданыныңЕркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

19661968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті

Мәтінмен жұмыс:

«Шаңырақ» өлеңінде не туралы айтылуы мүмкін? «Болжау стратегиясы» бойынша оқушылар пікірін тыңдау.

«Отан  деген не?»-

              дейсің, ұлым, маған.

Ол- сенің ғұмырлы анаң.

Жөргегіңнен жаныңа

             сіңіп қалған

Әнің мен жырың, балам!

Отан – мынау өз үйің,

             қара, жаным,

Ойнаған дала, бағың.

Атаң шыққан бұл үйден

             әкең шыққан,

өскен мұнда баяғы бабаларың.

Жасыл орман тыңдаған

               бұлбұл әнін,

               асқар тау, мың бұлағың.

Отан – есік алдында бірге

               ойнаған өзіңнің

               құрбыларың.

Отан – үйдің ертеңі,

               қаны, жаны –

өзіңдей сан ұланы.

… Ұлым , сенсің кең – байтақ

біздің үйдің

кішкентай шаңырағы!

      Фариза Оңғарсынова    

/Өлеңді мұғалім оқығаннан кейін оқушылар дауыстатып оқыту/

Сөздікпен жұмыс:

Өлеңдегі қандай сөз сіздерге таныс емес?

Ғұмырлы — өмірлі, өмір бойы
Жөргегі — баланың астына жаятын жаялық.

 

Сергіту сәті:

Көк аспанда қыраның еркін самғап,

Арман еткен тәуелсіздік құтты болсын.

Қазағым шаңырағың биік болып,

Керегең кең даладай жазық болсын.

Ойтолғаныс:
Топтарға тапсырмалар беру.
1 — топ. Отаныңа деген сүйіспеншілікті қалай жеткізер едің?
2 — топ. «Отан», «шаңырақ» ұғымдарында ортақ не бар?

 

Шығармашылық тапсырма:

1-топ. Бес жолды өлең «Отан»

Отан

Әдемі, кең- байтақ

Қорғайды, бағады,бауырына басады

Отан біздің жеріміз

Шаңырақ

 

2-топ.

«Шаңырақ» тақырыбына эссе

 Сабақты қорыту:

Бір үйде жүз туыс бірге тұрыпты. Бәрі өздеріне жүктелген міндетті, тапсырған жұмысты атқарып, тату — тәтті тұрыпты. Мұны көрген көршісі келіп:
— Біз бір үйдегі 2 — 3 адам тату тұра алмаймыз, ал 100 туыс адам қалай тату тұрасыңдар?- депті.
— Балалар, осының себебін сендер неде деп ойлайсыңдар?
Өзара түсіністік
Сыйластық.
Еңбексүйгіштік
Мейірімділік.
Қайырымдылық.

Ендеше, біздің бойымызда осындай жақсы қасиеттер болса, мына қасиетті «Үлкен шаңырақ», Тәуелсіз Қазақстанымыздың бір мүшесі бола аламыз.

/Балаларды шаңырақ астына алу/

-Топ басшыларының бағалауы;

-Кері байланыс;

/бүгінгі сабақтағы өз көңіл күйлерін айту/

Дереккөздер және жабдықтар:Оқулық,флипчарт,музыка, слайдтар, суреттер

 

Кейінгі оқу

 

 Үйге: Ф. Оңғарсынова «Шаңырақ» жаттау. Отан туралы мақал – мітелдер жинағын жасау. Тақырыптық сурет салу
Сабақты бағалау

 

Топ басшыларының бағалауымен келісе отырып бағалау
Саб б/ша өзгертулер сабақты талдауынан шыққан ой – пікір

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *