«Тәуелсіз елім — Қазақстаным»

Мақсаты: 1. Білімділігі: Балалардың ұлттық сана сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрады.

Сәлем, сәлем, Алтын Күн!

Сәлем, сәлем, Жер- Ана!

Сәлем, сәлем, Көк аспан!

Сәлем, менің достарым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос.

— Балалар, бүгін бізде мереке, тәуелсіздік күні! Әр мереке ән мен күйсіз, ойынсыз өтпейді. Ендеше, балалар, үнтаспадан «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдаймыз.

— Біз егеменді Қазақстан Республикасында тұрамыз. Біздің өзіміздің рәміздеріміз бар: Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз.

— Балалар, біз қай елде тұрамыз?

— Қазақстан

— Қазақстан Республикасының президенті кім? (Суреттен көрсетеді)

— Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
— Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн!
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Ақлең:

Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Азамат:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Раяна:
Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні — бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні — бұл.
Бибиханым:
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі
Айя:
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.
Иманғали:
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл — күні!

Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

-Біздің балаларымыз «Қара жорға» биін билеп берсін.
Би: «Қара жорға»
— Отан туралы өлең оқып беру
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім — деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін.
— Олай болса, балалар, «Отан» әнін бірге айтайық
Ән: «Отан»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *