Тілді «трендке» айналдыру керек

Жиырма бірінші ғасырда тілдің мәртебесі жоғарылады деп айта алмаймыз. Орыс тілді қазақтардың тілді шұбарлауы, басқа тілден енген сөздермен араластыра сөйлеуі көңіл қынжылтады. Ұлы кемеңгер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы: «Әлемдегі ең асыл тіл- араб тілі, содан кейін- түрік тілі. Ал сол тілдердің ішіндегі гауһары– қазақ тілі»,- деген екен. Ойлап қараңызшы, қазақ тілін– тілдердің ішіндегі гауһарға теңеп отыр.

Ал біз сол асыл құндылығымызды бағалап отырмыз ба? Тіліміздің тарихында ата-бабамыздың ұлттық болмысы, рухы, дәстүрі мен салты жатқан жоқ па? Неге біздің жастар тілдің қасиеттілігі мен маңыздылығын ұғар емес? Талдап көрелік.

Басты себеп– «трендтен» қалыс қалғысы келмеген болса керек. Кез-келген әлеуметтік желіні немесе порталдар мен сайтты ашып қарасақ, бірден орыс тілді мақалаға көзіміз түседі. Күнделікті өмірде адамдармен «қазақша сөйлеп тұрмыз» дегеннің өзінде орыс немесе басқа тілдің сөздерін қолданамыз. Банкоматтарда “орыс тілін” таңдап, дүкенге кіріп қажет затымызды сатып алу үшін орыс тілін пайдаланамыз. Әсіресе, жастар. Жас буын барынша елден ерекше болып, жаңа ортаға әсер қалдырғанды қалайды. Олар қазір соңғы трендтердер қалыс қалғысы келмейді. Салыстырмалы түрде алар болсақ, бұл да дәл соңғы үлгідегі «айфонды» алғанмен бірдей. Қалтаңдағы жиған-терген ақшаңа телефон аласың. Соңғы ақшаң болса да, бастысы «сәндесің».

Тілдің мәселесін де осылай шешсек қайтеді деген ой келеді. Бірден-бір шешім– қазақ тілін «трендке» айналдыру. Өзгеден емес, өзімізден бастау қажет. Ортамызда қазақша сөйлеп, басқалардан да соны талап ету. Әрине, бәріне бірдей талап қоя алмайсың, дегенмен, өзің сөйлеп не жазып бастасаң, басқалардың да қысылмай сөйлеуіне мүмкіндік бересің, жағдай жасайсың. Тренд қалай пайда болады? Трендтің басты қаруы– әлеуметтік желі. Әлеуметтік желіде қазақша сөйлеп, қазақ тілді шрифт қолданып жүрсек, аудиторияның көзі де, құлағы да үйренеді. Оны көрген жас буын көргенін қайталайды, үлкендер қазақ тілінде жазылған посттың түпкі мақсатын түсіне бастайды. Бірте-бірте көзі үйренген оқырманның арқасында ана тілімізді қолданатындардың саны артады. Солайша, «вирус» сияқты көз ілеспес жылдамдықпен таралатын тренд қатарына бұл да қосылады. Бұл туралы талай рет айтылып келе жатқаны да жасырын емес, ал сол айтылған нәрсені ұғатын құлақ болса шіркін..

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *