“Торғай” газеті және Ә.Балғынбаев

  Балғымбаев Әбдіғали педагог, қазақ-орыс мектептерін ұйымдастырушыларының бірі. Торғай газет столының басқарушысы. Газетке өзгелердің мақалаларын шығарып қана қоймай, өзініңде туындыларын жариялап тұрған. Қазақ тіліндегі мақалаларды орыс тіліне аударған. Ал, халық ертегілері мен аңыз әңгімелерін орыс тіліне аударып жариялап отырған. 1895 жылы 45 нөмірінде «Қарабұт-ғы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласынан Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі басталды. Әйгілі журналист Ә.Балғынбаевтың журналист қызметінен толық акпарат біле алмасақта, Қазақ Совет Энциклопедиясында журналист жайлы 1-2 сөз айтыла өткен: «Торғай облыстық ведомостволары» газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды».

  1879 жылы Орынборда облыстық газет стол құрылып, 1895 жылы “Тургайская газета” атпен ресми емес газет шығып тұрған болатын. Бұл шығарылым 15 жылға созылды. Бәрімізге мәлім “Торғай” газетінің тарихы терең. Аталмыш газетте ұлы тұлғалардың еңбектері жарияланып отырған. Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханов секілді тұлғаларды атап өтсек болады. “Торғай” газетінде қазақ тіліндегі мақалалар көпшілік. Қазақ тілінде мақалалар жариялау алғаш осы “Торғай” газетінен басталған.

Кокеева Нұрханым ҚазҰУ, журналистика факультеті 1-курс

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *