Тақырыбы «Тапқыр болсаң, талап көп» интеллектуалдық сайыс сабақ

Аяғанова Марал

 Мақсаты : Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Көрнекілік: суреттер,сызбалар,қанатты сөздер,карточкалар,логикалық сұрақтар
Сабақтың түрі:топтық жұмыс

Жоспар :
1.Оқушыларды топқа бөлу
2.Топ басшысын сайлау
3.Әділқазы алқасын сайлау
4.Әр топқа тапсырмалар беру
5.Қорытындылау

1 топ «Ақылдылар» тобы
2 топ «Білімділер» тобы
3 топ «Зейінділер» тобы

Жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру

I-тур : « Кім жылдам?»  Топбасшысына арналған сұрақтар

II тур: « Ойлан,жаз!» Суретке мәтін жазу

III тур : « Ойлан,тап!»Мақалды жалғастыр

IV тур  «Мағынасы қандай?» Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын жазу

V тур « Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, үш тілге аудару.

VІ тур  «Жалғастыр» Шығармамен жалғасын  айтуларың керек. 

YІІ тур «Өнер алды -қызыл тіл» Шығарманың авторын, атын табу керек

 

YІІІ тур   «Көкпар» Сұрақтарға тез жауап беру керек.

ІХ тур   «Тапқыр болсаң, тауып көр» Жұмбақ тар мен өлең

жолдарының түсіп қалған сөздерін ұйқасын табу


Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек.

I-тур «Кім жылдам? »Топбасшысына арналған сұрақтар
1 -топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.(қазақ тілі)
2. Жылқы атасы кім? (Қамбар ата)
3. Күйді орындаушы адам ( күйші )
4. Заттың сынын ,түр-түсін білдіретін сөз табы ( сын есім)
5.  Дауысты дыбыстар езудің қатысына қарай нешеге бөлінеді (еріндік,езулік)                                                                                    6.Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою — өрнек)                         7.Абайдың анасы  кім? (Ұлжан)


2-топ
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2 . Садақ, жебе, саут, найза – қандай сөздер? (көнерген сөздер)                                                                            3. «Абай жолы» роман – эпопеяның авторы кім? (Мұхтар Әуезов)                                                                        4. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
5. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап? (батыл, ер жүрек)
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
7.Қазақ батырларын ата. (Наурызбай, 
Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)

3-топ
1.Жылдың 4 мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
2. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
5. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
6. Әдемі, сұлу, келбетті қандай сөздер? (синоним)
7 .Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)

II тур «Ойлан, жаз!» 
 SHAPE  \* MERGEFORMAT


I -топ
 

II -топ  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT



 III-топ
 SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

 SHAPE  \* MERGEFORMAT


 SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT


 SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

  SHAPE  \* MERGEFORMAT

IІІ-тур «Ойлан,тап!» Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады, тас жармаса… (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
4.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
5.Шебердің қолы ортақ,шешенің… (тілі ортақ)

2-топ
1.Өнер алды -…(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-…(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан… (інінен шығар )
4.Басқа пәле…(тілден )
5.Тілге құрмет-…(елге құрмет)

3-топ
1.Өз үйім…(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,…(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4.Ғылым теңіз,…(білім кеме )
5.Оқу инемен…..(құдық қазғандай )

 IV тур  «Мағынасы қандай?» Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын жазу

1-топ
1. Күлін көкке ұшыру (құрту)
2.Бетінен оты шықты(ұялу)
3. Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
2-топ
1. Қолды болды (ұрланды )
2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)
3. Беті бүлк етпеді  (ұялмады)
3-топ
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)

V тур «Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, үш тілге аудару.


1. Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.

                                                  (сөз-слова-             )

2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква-               )

3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц-             )

4. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка-                 )

5. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка-                           )

6 .Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса-                              )

7. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег-                            )

8. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук-                          )

9. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз-                    )

VІ-тур  «Жалғастыр» Шығармамен жалғасын  айтуларың керек  .

 1-топ  «Асыл шөп»

Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты. Злиха аһлап-уһлеп, «шаршадым» деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха айтады:
— Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
— Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — дейді Бәтима

2-топ  «Өрмекші, Құмырсқа, Қарлығаш»

Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

– Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр?

– Көремiн, өрмек тоқып жүр.

– Анау құмырсқаны көремiсiң?

– Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады.

– Жоғары қара, аспанда не көрiнедi?

– Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар.

Сонда атасы айтты:

 

3-топ  «Аурудан – аяған күштірек»

Сейiт орам үстiнде жүгiрiп бара жатқанда, бiр арбалы келiп, аңдаусыз соғып кетiп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көрiп шошынғаннан шешесi есiнен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейiт жыламақ түгiл, сынған аяғын орнына салып таңып жат-қанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кiсi:

– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады.

Сейiт шешесi шығып кеткен соң, демiн алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейдi:

 

 

YІІ тур   «Өнер алды -қызыл тіл» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа

 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме, ертегі) беріледі. Сол шығарманың авторын, атын

 табу керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1-топ.

1.Хан емессің, Қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аярсың,
Айыр құйрық шаянсың!
                       (М.Өтемісұлы «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны»)

 

2. Қырғауылдың қанаты бар да, жүні жоқ болса да, адамның пайдасына жарайтын құс еді.

Біреудің сиықсыз болуы оның жаратылысынан. Қырғауылдың айыбы — тек сиықсыздығы.

 Ал сауысқанның жүні ала болғаны сияқты, өзі де ала, бірлігі жоқ. Екеуі бірігіп ұшпаған, екеуі бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын құс еді. Сондықтан құс жаманы – сауысқан деймін.

                                                               (Халық ауыз әдебиеті, «Аяз би» ертегісі)

2-топқа.

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.        (Абай Құнанбаев, «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай»)

 

 

2. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қыялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен; інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. 
                                                                                                                    Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

 

·         1. Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен — аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

                                                                                Ы.Алтынсарин «Балғожа бидің баласына жазған хаты»

 

2. Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты; «Шалқұйрыкты сұрағаным, ерге лайық ат еді,

ер мінсін деп едім; Құба інгенді сұрағаным, ер қосын артсын деп едім; Ақсырмалды сауытты

сұрағаным қосылған адамым ер еді, сол ер кисін деп едім»,— депті. 

Әкесі қызының сөзінен жеңіліп, сұрағандарын беріпті. «Қызыма сәлем айт, Сорқұдықтың басына

 көшін қондырмасын, қондырса кесір болады»,— депті.                  

                                                                                                                      (Халық ауыз әдебиеті, «Ер Төстік») 

 

YІІІ тур   «Көкпар» бұл ойынның шарты 10 сұрақ беріледі,сол сұрақтарға қол көтеріп тез жауап беру керек. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі.

 

 1. Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)

 2. Алып бала кім туралы әңгімеленген ? (Қажымұқан)

 3. Қабанбайға жеңгелері еркелетіп қандай ат қойды? (Нар бала )

 4. Бөгенбай батыр қандай өзеннің бойында дүниеге келді? (Бөген)

 5. Қазақ ханы кім? ( Абылай хан )

  6. Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )

 7. Алфавитте қанша дыбыс қанша әріп бар? ( 37 дыбыс,42 әріп )

 8. Барыс септігінің сұрақтары? ( кімге? неге? қайда? )

 9. Абай Құнанбаеватың шын аты кім? (Ибраһим )

 10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)

 11Абай атамыздың әкесінің аты кім? (Құнанбай)

 12. Қазақстан Республикасының ел ордасы. (Астана)

 13. Мұхтар Әуезовтың қандай әңгімесін білесің? (Көксерек)

 14. Желтоқсан батырларының ата. (Ләззат Асанова,Қайрат)

                   15. Адамдар құстарға қарап нені ойлап тапты?

                   16. Бауыржан Момышұлы кім?

                    17. Сан есімнің сұрақтары? (қанаша? Неше? т.б.)

                    18. Бибігүл Төлегенова кім?

                     19. Қазақтың аспаптарын ата? (домбыра,қабыз т.б. )

    20. Сын есімнің сұрақтары. (не істеді? не қылды?)

   ІХ тур   «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Жұмбақ тар мен өлең

жолдарының түсіп қалған сөздерін ұйқасын табасыздар, дұрыс жауап 10-ұпай.

 

1.Суға салып қармақ,

Ұстап алдық …………. (балық)

2.Тыңда тұяқ дүбірін,

Тұр-ау тыста кісі кеп.

Кенет менің құлыным

Қоя берді ……………. (кісінеп)

1…. бала әрқашан,

Қуантады … .

Құлыным деп анасы,

… баласын. (Жақсы,анасын,жұбатады) 

2.Қоңырауы жеттеп,

Шақырады …………. (мектеп)

 

1.Кеше ойнап секіріп,

Жанат алды-…………. (екілік)

2…. қошақан ,

… қалмайды.

Сүп-сүйкімді момақан,

… аумайды. (әп-әдемі,соңымнан бір,анасынан

 

Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз.

Жамбыл обл

Жамбыл ауданы

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп- гимназия

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *