С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Анкета

ФИО Калдыбекова Мархабат Амангелдиновна

Облыс Қарағанды облысы

Қала немесе аудан Шет ауданы Талды ауылы

Мектеп Талды жалпы орта білім беру мектебі

Қызметі Қазақ тілі мен әдебие пәнінің мұғалімі

Материал тақырыбы С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Қарағанды облысы
Шет ауданы
Талды ауылы
Талды жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Калдыбекова Мархабат Амангелдиновна

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»
Мектеп: Талды ЖОББМ Күні:20.04.2018
Мұғалімнің аты жөні: Калдыбекова Мархабат Амангелдиновна
Сынып: 6
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ тақырыбы С.Мұратбеков » Жусан иісі»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы
на сәйкес) 6.3.3.1.шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақ мақсаттары 1. Шығармадағы ақпараттарды анықтайды, кейіпкер бейнесін ашу.
2.Әңгімедегі кейіпкерлер қарым-қатынасын талдап, өзіндік тұжырым жасау.
3. Шығарма құндылығына негізделген эссе жазу.
Бағалау критерийі 1. Әңгімедегі ақпараттарды анықтап, кейіпкер бейнесін ашады.
2. Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдау арқылы өзіндік тұжырым жасайды.
3. Әңгімені құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тымырсық, тоспа, жер құйқалы, малтатас, сабан, қара қағаз, тұлдыр жетім.
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Кейіпкерлерді атап бере аласыз ба?
2. Кейіпкерлерді бойындағы қасиеттері бойынша топтай аласыз ба?
3. Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?
4. Өмірдің мәні кімдер?
5. Кімнің қадірін білу керек?
6. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?

Құндылықтар
ға баулу Азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық, достық.
Шығармашылық және сын тұрғысынан талдау.
Пәнаралық байланыс Өзін-өзі тану
Алдыңғы білім
5 минут «Жусан иісі» шығармасын «Жалғасын тап» әдісімен сұрау.
Сөйлемдер жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар жалғасын тауып айтады.
1. Әуелде, біз, блалар, оның ертегі айтатынын білгеніміз жоқ.
2. Садық кілт тоқтай қап: — Әй, анау кім-ей? – деген.
3. Аян екеуіміз бір партаға отырғанбыз.
4. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
5. Ғажап ертегілер еді…
6. Қызық еді Аянның мінезі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Cабақтың басы
5 минут Конфеттер арқылы топқа бөлу.
«Ана», «Әке», «Әже», «Ата», «Аға», «Достық»
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Ой түрткі сұрақтар.
1. Кейіпкерлерді атап бере аласыз ба?
2.Кейіпкерлерді бойындағы қасиеттері бойынша топтай аласыз ба?
ҚБ. Мұғалімнің бағалауы.

Сабақтың ортасы 20 минут
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі.
Ақ қалпақ.
Шығармадағы ақпараттарды анықтаңдар.
1. Шығармадағы кейіпкерлерді атаңдар.
2. Аян кім?
3. Аяннның достары.
Қызыл қалпақ.
Әңгіме үзінділері Аянның қандай сезімдерін көрсетеді?
Үзінділер тарату.
Қызық еді Аянның мінезі. Бірде түн ортасында, дәл ұйықтар алдында далаға шыққам. Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен. Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым – міне, қызық, шана теуіп жүрген Аян екен.
– Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен. Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатарда ағамның пальтосын жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Бір түрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрнымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім.
Сары қалпақ.
Қажетті сөздерді пайдаланып, шығарманың тәрбиелік мәнін аш. Өз көзқарасынды білдір.
Шыдамдылыққа төзімді бол, жақсыға ұмтыл, арманда, мақсат қой, биікке ұмтыл.
Қара қалпақ.
1.Әңгімеде кездесетін жағымсыз кезеңдерді табыңыз.
2. Өмірден мысал келе отырып дәделдеңіз.
Оқулықпен жұмыс. Мысалы: Қаралы қағаз алған Аян не істеді? Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды? т.б.
Жасыл қалпақ.
Жаңа идея ұсын.
1. Егер сен жазушы болсаң әңгімені қалай аяқтар едің?
2. Неліктен?
Көк қалпақ.
Осы шығарма арқылы өзің қандай шешім қабылдадың?
1. Өмірдің мәні кімдер?
2. Кімнің қадірін білу керек?
3. Бір-біріне қандай үгіт-насихат айтар едіңдер?

Критерий Дескритор
Әңгімедегі ақпараттарды анықтап, кейіпкер бейнесін ашады. 1. Кейіпкер бейнесін ашады.
2. Кейіпкер сезімін анықтайды.
3.Шығарманың тәрбиелік мәнін ашады.
Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдау арқылы өзіндік тұжырым жасайды. Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдай алады.
Қарама қайшылықты анықтайды.
Сыни пікір білдіреді.
Өзіндік ой түйеді.
ҚБ. Сыныптастарды бағалау.
(Оқушылар бағалау критерийлеріне сәйкес бір-біріне жұмысы үшін баға қояды.)
Ал енді қорытындылай келе «Жусан иісі» шығармасы бізге қандай ой салды?» тақырыбында эссе жазайық.

Критерий Дескриптор
Әңгімені құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады. 1.Талдау арқылы өз ойларын жазады.
2.Тақырып бойынша өз көзқарастарына рефлексия жасайды.
3.Тақырып бойынша өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыда ұсынады.

Алты түрлі түсті қалпақ.

Үзінділер жазылған парақшалар

Оқулық
Алматы
«Арман-ПВ»

Сабақтың соңы
10 минут
«Автор орындығы»
Жазған эссесін әуелі топта оқиды, сосын топтан 1 оқушы шығып автор орындығында оқиды.
ҚБ. «Не жақсы?»
1. Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болатынын айта аласыз ба?
2. Түсініктемелер туралы не ойлайсыз?
3. Сіз әрқашан бұдан әрі не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?
4. Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?

Үйге тапсырма. Аянға хат жазу.
Рефлексия.
«Бүгінгі сабақтан түйген ойым…» Автор орындығы

Формативтік бағалаудың
70 түрі.

Рефлексия
Саралау Бағалау
Барынша қолдау көрсету: үзінділер және оқулықпен жұмыс жасайды.
Орташа қолдау: Қажетті сөздерді пайдаланып шығарманың тәрбиелік мәнін табады.
Қолдау көрсету аз: Ой түйіндеп эссе жазады. Сабақ басында:Мұғалімнің бағалауы.
Сабақ ортасында: Сыныптастардың бағалауы.
Сабақ соңында: «Не жақсы» бағалауы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *